О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Решение Макатского районного маслихата Атырауской области от 9 февраля 2024 года № 75-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 9 февраля 2024 года № 5126-06

      В соответствии с подпунктами 1) и 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Макатский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний и порядок использования, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Макатском районе, согласно приложению 1, к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий объектов, в которых не допускается проведение пикетирования в Макатском районе, согласно приложению 2, к настоящему решению.

      3. Признать утратившим силу решение маслихата Макатского района от 30 сентября 2020 года № 404-VI "О проведении мирных собраний в Макатском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4746).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата А. Шангалаев

  Приложение 1 к решению
Макатского районного
маслихата от 9 февраля
2024 года № 75-VIII

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и порядок использования, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Макатском районе

      1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Макатском районе:

      1) "Парк Победы" расположенный на участке Парасат поселка Макат.

      2) Маршрут следования для проведения мирных собраний:

      Начиная с администривного здания Коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Макатская районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области" до здания Товарищества с ограниченной ответственностью "Амина" Әсел ясли-бақшасы" на улице С.Алиева поселка Макат.

      2. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Макатском районе разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон).

      3. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      4. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      5. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Макатском районе:

      1) "Парк Победы" расположенный на участке Парасат поселка Макат, норма предельной заполняемости 200 человек;

      2) маршрут следования для проведения мирных собраний: Начиная с администривного здания Коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Макатская районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области" до здания Товарищества с ограниченной ответственностью "Амина" Әсел ясли-бақшасы" на улице С.Алиева поселка Макат, норма предельной заполняемости 200 человек.

      6. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированном месте для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      7. В случае если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      9. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      10. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9:00 и заканчиваться позднее 20:00 по местному времени Макатского района в день проведения мирных собраний.

  Приложение 2 к решению
Макатского районного
маслихата от 9 февраля
2024 года № 75-VIII

Границы прилегающих территорий объектов, в которых не допускается проведение пикетирования в Макатском районе

      На территории Макатского района не допускается проведение пикетирования ближе 800 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 75-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 5126-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Мақат ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Мақат аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 404-VI "Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4746 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Мәслихат төрағасы А. Шангалаев

  Мақат аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
9 ақпандағы № 75-VIII шешіміне
1-қосымша

Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Мақат кенті, Парасат бөлімшесінде орналасқан "Жеңіс саябағы".

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:

      Мақат кенті, С.Алиев көшесіндегі Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының "Мақат аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілік ғимаратынан бастап "Амина" Әсел ясли-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына дейін.

      2. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      3. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      4. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      5. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Мақат кенті, Парасат бөлімшесінде орналасқан "Жеңіс саябағы", шекті толу нормасы 200 адам;

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Мақат кенті, С.Алиев көшесіндегі Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының "Мақат аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілік ғимаратынан бастап "Амина" Әсел ясли-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 200 адам.

      6. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      7. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      8. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      9. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      10. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Мақат ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.

  Мақат аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
9 ақпандағы № 75-VIII шешіміне
2-қосымша

Мақат ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

      Мақат ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.