Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 404-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қазанда № 4746 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 75-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 09.02.2024 № 75-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы заңының 8-бабына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.

      2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 17-VІ "Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3489 санымен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Тажибаев
      Мәслихат хатшысы К. Исмагулов

  Мақат аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйегі № 404-VI шешіміне қосымша

Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

      1. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:


р/с

Арнайы орындар

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

Шекті толу нормасы

1

Мақат кенті, А. Жұмашева көшесі, "Болашақ" шағын ауданының 5 үйінен бастап № 80/1 үйіне дейін

1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 40 тұрақ орындары (1 кіру,1 шығу);

250 адамнан астам емес

2

Мақат кенті "Парасат" бөлімшесінде орналасқан "Жеңіс саябағы"

1) жасанды жарықтандыру;
2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3) 20 тұрақ орындары (1 кіру,1 шығу);

250 адамнан астам емес

      2. Мақат ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:

      1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;

      2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

      3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады