О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 388 "Об утверждении Инструкции по учету, передаче и списанию сценическо-постановочных средств государственных театров и концертно-зрелищных организаций"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 17 января 2025 года № 15-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 января 2025 года № 35653

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 388 "Об утверждении Инструкции по учету, передаче и списанию сценическо-постановочных средств государственных театров и концертно-зрелищных организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12630) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 35-3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре", подпунктом 344) пункта 15 Положения о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Инструкции по учету, передаче и списанию сценическо-постановочных средств государственных театров и концертно-зрелищных организаций, утвержденной указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящая Инструкция по учету, передаче и списанию сценическо-постановочных средств государственных театров и концертно-зрелищных организаций (далее – Инструкция) разработана в соответствии с подпунктом 35-3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре", подпунктом 344) пункта 15 Положения о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 и детализирует учет, передачу и списание сценическо-постановочных средств государственных театров и концертно-зрелищных организаций (далее – организации культуры).";

      заголовки глав 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Учет сценическо-постановочных средств";

      "Глава 3. Передача и списание сценическо-постановочных средств";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Оформление гибели и уничтожения сценическо-постановочных средств, пришедшего в негодность вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий осуществляется в соответствии с Правилами оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий, утвержденными приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 721 "Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33019).".

      2. Комитету культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

"Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 388 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 15-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қаңтарда № 35653 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12630 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 344) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 344) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының (бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығаруды нақтылайды.";

      2 және 3-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу";

      "3-тарау. Сахналық-қойылым құралдарын беру және есептен шығару";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан, физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған сахналық-қойылым құралдарының бұзылуын және жойылуын ресімдеу "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33019 болып тіркелген) бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі