Об утверждении ставки туристского взноса для иностранцев в Нуринском районе Карагандинской области на 2025 год

Решение Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 27 марта 2025 года № 141. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 31 марта 2025 года № 6743-09

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33110), Нуринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставку туристского взноса на 2025 год для иностранцев в Нуринском районе в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель Нуринского районного маслихата К. Жунусбеков

Қарағанды облысының Нұра ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 141 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 31 наурызда № 6743-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұра ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра аудандық мәслихатының төрағасы К. Жунусбеков