Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазан N 326 Қаулысымен.
V990977_
Ескерту: Мәтiн бойынша "Осы Ереже", "Осы Ережеде", " осы Ереженiң"
деген сөздер тиiсiнше "Осы Ережелер", "Осы Ережелерде", "
осы Ережелердің" деген сөздермен ауыстырылды,
1, 2, 3, 4 бөлімдердің атауы өзгертілді, 3.1. тармақ алынып
тасталынды, 1.1.- 4.2. деп белгіленген тармақтар 1-13 деп
ауыстырылды, 2.1., 2.2. және 2.4. тармақтары өзгертілді -
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазан N 326
Қаулысымен.
V990977_
Осы Ережеде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар
Z952444_
Жарлығының, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
Z970077_
және басқа заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің
талаптарына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
(бұдан әрі - Ұлттық Банк) екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар
рыногындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына
қатысуына келісім беру шарттарын белгілейді.
1-бөлім. Жалпы ережелер
<*>
1. Осы Ережелерде Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған
бағалы қағаздар туралы ұғымдар қолданылады.
2. Банк Ұлттық Банктің алдын ала келісімін ала отырып және бір
ұйымның жарғы капиталына қатысуы банктің меншік капиталының 10%-нен
аспаған жағдайда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың жарғы капиталының қатысушысы (бұдан әрі - кәсіптік
қатысушылар) болуына не оған қатысуға құқы бар.
Банктің кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысуына келісім
беру немесе бас тарту туралы шешімді Ұлттық Банктің Басқармасы қабылдайды.
3. Банктің кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысуымен
байланысты басқа заңды тұлғалардың жарғы капиталына төлеуге тиіс сомасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы
N 219 қаулысымен
V970325_
бекітілген "Пруденциалдық нормативтер туралы
ереженің" талаптарына сәйкес пруденциалдық нормативтерді есептегенде оның
меншік капиталынан алынады.
2-бөлім. Банктердің кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына
қатысуына келісім беру тәртібі
<*>
4. Ұлттық Банк банктің кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына
қатысуына келісімді:
<*>
1) кем дегенде 500 млн. теңге мөлшерінде меншік капиталы бар;
2) банк заңдарында көзделген банктік немесе өзге операцияларды
Қазақстан Республикасының аумағында кем дегенде бір жыл бойы жүзеге
асырған;
3) қолданылып жүрген заң нормаларын және Ұлттық Банктің нормативтік
құқықтық актілерін сақтаған;
4) келісім беру туралы өтініш бергенге дейін үш ай бойы Ұлттық Банк
белгілеген пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті
нормалар мен лимиттерді орындаған;
5) Ұлттық Банк пен басқа банктер алдындағы міндеттемелері бойынша
мерзімі өткен қарызы жоқ банкке беруі мүмкін.
Банктің кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысуы бойынша
әрбір жағдайда Ұлттық Банкке құжаттар жеке беріледі. Ұлттық Банк бірнеше
кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысуға қажетті құжаттарды бір
уақытта ресімдегенде нақты кәсіптік қатысушыларды көрсете отырып, банкке
келісім беру туралы бір шешім қабылдауға құқылы.
5. Банк кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысуға (сонымен
бірге қатысушы ретінде) келісім алу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды
береді:
<*>
1) кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысуына келісім алуға
өтініш;
2) банк пен кәсіптік қатысушының өзара қатынасын айқындайтын
уәкілетті банк бекіткен құжат;
3) банк жарғы капиталына қатысқысы келетін кәсіптік қатысушы жөнінде
толық ақпарат, оған қоса:
- кәсіптік қатысушының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттік
тіркелуден өткені жөнінде мәліметтер;
- кәсіптік қатысушының жарғы капиталының мөлшері;
- кәсіптік қатысушының жарғы капиталындағы жарғы капиталының үлесі
(егер кәсіптік қатысушы акционерлік қоғам болып саналған жағдайда,
акцияның үлесі);
- банктің кәсіптік қатысушының жарғы капиталындағы қатысу сомасы;
- кәсіптік қатысушылардың бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын
кәсіптік қызметінің түрлері.
6. Ұлттық Банк кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысуға
келісім беру жөніндегі өтінішті өтініш беруші Ұлттық Банк сұратқан соңғы
қосымша ақпаратты немесе құжатты берген күннен бастап бір айдың ішінде
қарауға тиіс.
7. Ұлттық Банк мынадай негіздер бойынша:
<*>
1) банк осы Ережелердің талаптарын орындамаса;
2) кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысу нәтижесінде
банктің қаржы жағдайының айтарлықтай нашарлауы мүмкін болса;
3) берілген құжаттардың толық болмауы немесе осы Ережелерде көзделген
талаптарға сай болмаса, банкке келісім беруден бас тартуға құқылы.
8. Ұлттық Банктің келісімін алған банк кәсіптік қатысушының жарғы
капиталының үлесін сатып алған соң (егер кәсіптік қатысушы акционерлік
қоғам болып саналған жағдайда, акцияның үлесін сатып алған соң) жеті
күннің ішінде бұл жөнінде Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті.
Кәсіптік қатысушының жарғы капиталына қатысуға берілген келісімнің
қолданылуы Ұлттық Банк мұндай келісім берген кезден бастап 2 ай мерзіммен
шектеледі. Егер банк кәсіптік қатысушының акцияларын сатып алмаған
жағдайда (жарғы капиталына ақша қоспаса), бұл кәсіптік қатысушының
акцияларын сатып алғаны жөнінде Ұлттық Банкке хабарламағанымен бірдей
болып, Ұлттық Банктің берген келісім заңдық күшін жойған деп есептеледі.
9. Ұлттық Банк кәсіптік қатысушының (егер олар бірнешеу болса -
барлық кәсіптік қатысушылардың) жарғы капиталына қатысуға берілген
келісімді мынадай негіздер бойынша қайтарып алуы мүмкін:
- банктің меншік капиталының 500 млн. теңге деңгейінен төмендеуі;
- соның негізінде келісім берілген мәліметтерден күмәнді
мәліметтердің табылуы;
- банктің не кәсіптік қатысушының Ұлттық комиссия ұсынған бағалы
қағаздар рыногындағы қызметін реттейтін банк қатысатын жарғы капиталының
заңдарын бұзуы;
- банктің Ұлттық Банк белгілеген пруденциалдық нормативтері мен басқа
сақталуға міндетті нормалары мен лимиттерін бұзуы (екі немесе одан да көп
рет).
3-бөлім. Банктің кәсіптік қатысушылардың жарғы капиталына қатысу
ерекшеліктері
<*>
3.1.
<*>
10. Егер банк инвестициялық қордың аффилиирленген тұлғасы болып
саналса, онда банк мұндай қордың бағалы қағаздарын нақты ұстаушылары болып
табылатын заңды тұлғаның жарғы капиталына қатысуға құқы жоқ.
11. Егер банк инвестициялық қордың аффилиирленген тұлғасы болып
саналса, онда банк мұндай қордың бағалы қағаздарының портфелін басқару
бойынша кәсіптік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғы капиталына
қатысуға құқы жоқ.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
12. Осы Ережелердің шарттарын бұзған жағдайда Ұлттық Банк банкке банк
заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және/немесе санкцияларды
қолдануға құқылы.
13. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарда
белгіленген тәртіппен шешіледі.
Төраға
оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.