1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екі апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 4 қазандағы N 326 қаулысымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру ережелерi".
2. Мәтiн бойынша "Осы Ереже", "Осы Ережеде", " осы Ереженiң" деген сөздер тиiсiнше "Осы Ережелер", "Осы Ережелерде", " осы Ережелердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. I бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:"1-бөлiм. Жалпы ережелер".
4. II бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2-бөлiм.
Банктердің кәсiптiк қатысушылардың жарғы капиталына қатысуына келiсiм беру тәртiбi". 5. III бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "3-бөлiм. Банктiң кәсiптiк қатысушылардың жарғы капиталына қатысу ерекшелiктерi". 6. 3.1. тармақ алынып тасталсын. 7. ІY бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "4-бөлiм. Қорытынды ережелер". 8. 1.1 - 4.2 деп белгiленген тармақтар 1 - 13 деп ауыстырылсын. 9. 2.1., 2.2. және 2.4. тармақтардың әрiптермен белгiленген тармақшаларының номерлерi жақшаға алынған араб сандарымен белгіленсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.