"Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер" Ереже жөнiнде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 325. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 ~V021902 қаулысымен.

      Ескерту. Ереженің атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.
      Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 237 қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктерде Бухгалтерлiк есеп шоттарының жаңа жоспарын енгiзуге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереже қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 29 ақпандағы 53 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 31 шiлдедегi N 181, 1996 жылғы 8 қарашадағы N 260 және 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 293 қаулыларымен бекiтiлiп, енгiзiлген өзгертулерiмен және толықтыруларымен қоса күшiн жойды деп танылсын.
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.):
      а) "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
      б) осы Қаулы мен "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларын және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                                  Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен Бекiтiлген


            "Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер" <*>
                              ЕРЕЖЕ
      Ескерту. Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.
      Ескерту. Ереженің мәтіні бойынша 1.1", "1.2", "2.1", "2.2", "2.3",
               "2.4", "2.5", "2.6", "3.1", "3.2", "3.3", "3.4", "3.5",
               "5.1", "5.2", "5.3", "5.4", "6.1" тармақтарының нөмiрленуi
               тиiсiнше "1", "2", "3", "4", "5", "6", "7", "8", "9", "10",
               "11", "12", "13", "15", "16", "17", "18", "19" нөмiрленуiмен
               ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы
               23 қараша N 460 V011768_ қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлығының 42-бабына сәйкес осы Ережеде екiншi деңгейдегi банктер мiндеттi түрде сақтауға тиiстi пруденциалдық нормативтер белгiленiп отыр, оның мемлекеттiк банктерге арналған есеп айырысуларының ерекшелiктерi, олардың қызметiнiң өзгешелiктерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (Бұдан әрi - Ұлттық Банк) Басқармасының жекелеген шешiмдерiмен белгiленедi.
     1-тарау. Ең төменгi 
<*>

      Ескерту. Тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 23 қараша N 460 V011768_ қаулысымен.

      1. Банктiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн Ұлттық Банктiң Басқармасы белгiлейдi. <*>
      2. Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердiң және

мiндеттi түрде сақталуға тиiстi өзге де нормалар мен лимиттердiң бiреуi 
сақталмаған жағдайда, сондай-ақ егер мұның өзi пруденциалдық 
нормативтердiң және мiндеттi түрде орындалуға тиiстi басқа да нормалар мен 
лимиттердiң кез-келгенiн бұзуға әкеп соғатын болса, банктiң акционерлерден 
өз акцияларын сатып алуына құқығы жоқ.
     Банкке бақылау жасауға құқығы бар адамнан акциялар сатып алуға 
банктiң құқығы жоқ.
     ЕСКЕРТУ. 1-бөлiмнiң атауы мен 1.1.-тармағы өзгертiлдi - ҚР Ұлттық
              Банкi басқармасының 1997.10.27. N 380 қаулысымен.
               

V970067_

 
     2-тарау. Коэффициент 
<*>

     Ескерту. Тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының    
              2001 жылғы 23 қараша N 460  

V011768_

  қаулысымен.
     3. Өз капиталы (К) 1 деңгейдегi капитал мен П деңгейдегi капитал 
сомасы (1 деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшерде) банктiң акциялардағы 
инвестициялары мен басқа заңды тұлғалардың реттелген борышын ұстап қала 
отырып есептеледi.
     4. Бiрiншi деңгейдегi капиталға (КI) мынадай құрамдас бөлiктер 
кiредi:
     1) тiркелген (3001 шоты плюс 3025 шоты минус 3002, 3003, 3026 және 
3027 шоттар) шегiнде төленген жарғылық капитал; 
<*>

     2) қосымша капитал (3101 шоты);
     3) өткен жылғы табыстар есебiнен құралған қорлар, резервтер, өткен 
жылғы бөлiнбеген табыс (3510, 3580, 3599 шоттар);
     минус:
     4) материалдық емес активтер (1659 шоты минус 1699 шоты);
     5) өткен жылғы зиян (3599 шоты);
     6) үстiмiздегi жылдың шығыстарының үстiмiздегi жылдың кiрiстерiнен 
асып кетуi;
     5. Екiншi деңгейдегi капиталға (КII) мынадай құрамдас бөлiктер 
кiредi:
     1) үстiмiздегi жылдың кiрiстерiнiң үстiмiздегi жылдың шығыстарынан 
асып кетуi;
     2) негiзгi құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау (3540, 
3560 шоттар);


      3) тәуекелдi ескере отырып өлшенген активтер сомасының 1,25%-тен аспайтын жалпы резервтерi (провизиялары) (1465, 1469 шоттар);
      4) бiрiншi деңгейдегi капитал сомасының 50%-тен аспайтын қысқа мерзiмдi реттелген борыш (2402 және 2401 алғашқы өтеу мерзiмi 5 жылдан асатын мерзiмдiк ретке келтiрiлген қарыз бөлiгiнде). <*>
      Реттелген борыш - бұл банктiң депозит болып табылмайтын, қамтамасыз етiлмеген мiндеттемесi, банктiң жазбаша ресiмделген шарттарына сәйкес оны тарату кезiнде (акционерлер арасында қалған мүлiктi бөлер алдында) ең соңынан қанағаттандырылады.
      Екiншi деңгейдегi капиталға кiретiн реттелген қысқа мерзiмдi борыштың өтелуiнiң бастапқы мерзiмi кемiнде 5 жыл болуға тиiс, оның үстiне соңғы бес жылдың әрбiр жылында өз капиталының есебi бойынша реттелген борыштың алғашқы сомасының 20%-i шығарылып отырады.
      6. Өз қаражатының (өз капиталының) жеткiлiктiлiгi екi коэффициентпен: банктiң акциялардағы инвестициялары мен басқа заңды тұлғалардың (1471, 1472, 1475, 1451 шоттары) реттелген борыштарын ұстап қала отырып, банктiң активтер сомасына (КI) бiрiншi деңгейдегi өз

капиталының қатынасымен және активтер сомасы мен тәуекелiнiң дәрежесi 
бойынша өлшенген баланстан тыс мiндеттемелерге (К2) өз капиталының 
қатынасымен сипатталады. 
<*>

     7. Бiрiншi деңгейдегi банктiң меншiктi капиталының оның барлық 
активтерiнiң сомасына қатынасы 0,06-дан кем болмауы тиiс: 
<*>

            КI - ИК
     К1 = -----------; мұндағы
               А
     КI - бiрiншi деңгейдегi өз капиталы;
     ИК - басқа заңды тұлғалардың акциядағы инвестициялары мен реттелген 
борыштары;
     А - банктiң балансына сәйкес барлық активтерiнiң сомасы.
     ЕСКЕРТУ. 2.5.-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының       
              2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен.  

V001197_

 
     8. Банктiң өз капиталының оның тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген 
активтерiнiң сомасына қатынасы 0,12-ден кем болмауы тиiс: 
<*>

           
            K
     k = --------, мұндағы  
      2     А -П 
             р  с
     К - өз капиталы, осы жерде және бұдан әрі мәтін бойынша осы 
Ережелердің 3-тармағына сәйкес есептеледі;


      Ар - тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтер мен баланстан тыс міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтердің есебін шығарған кезде кастодиан шарты негізінде банкке сақтауға қабылданған ақша есепке алынбайды.
      Пс - арнайы резервтер (күмәнді жоғары тәуекелді және сенімсіз активтер бойынша қалыптасқан провизиялар) және өз капиталына қосылмайтын қалыптасқан жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді ескере отырып өлшенген активтер сомасының 1,25%-інен астам).
      Тәуекел дәрежесі бойынша салынған активтер былайша жіктеледі:

      1) I топ Тәуекел дәрежесі

      Қолма-қол теңге және ЭЫДҰ <*> мүше елдердің қолма-қол теңгесі мен қолма-қол шет ел валютасы (1001,1002,1003 шоттары) 0 ___________________________________
      <*> - ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше елдер: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Жапония.

      Ұлттық Банк шоттарындағы қаражат (1051,1101,1102 шоттары), Ұлттық Банктегі міндетті депозиттер (1103 шоты) 0
      Монетарлық қымбат металдар (1004 шоты) 0
      ЭЫДҰ мүше болып табылатын елдердің Орталық банктеріндегі ағымдағы шот пен қысқа мерзімді депозиттер (1052,1251,1252,1253 шоттарының бір бөлігі)0
      Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары мен кез келген рейтингтiк агенттiктердiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар шет мемлекеттердiң үкiметтерi шығарған бағалы қағаздары (аталған бағалы қағаздармен операция бөлiгiндегi 1151, 1152, 1153, 1154, 1155 есепшоттары және 1456 есепшоты); <*>
      Осы банктегі депозитке ақша түріндегі кепілдікпен, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруына болатын мемлекеттік бағалы қағаздар мен өзге де өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, монетарлық қымбат металдар немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен қамтамасыз етілген бөліктегі кредиттер тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда заңды тұлға ретiнде тiркелген, не оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғаға қатысты бағынышты немесе еншiлес болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттерi еместерге, сондай-ақ оффшорлық аймаққа жататын аумақта тұрақты тұратын жеке тұлғаларға берiлгенiн қоспағанда, сондай-ақ дебиторлық берешек (1851,1853,1854 шоттар) 0 <*>
      Қазақстан Республикасы Үкіметіне берілетін кредиттер 0
      Осы банктегі депозитке депозит (кредит) түріндегі кепілдікпен, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруына болатын мемлекеттік бағалы қағаздар мен өзге де өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, монетарлық қымбат металдар немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен қамтамасыз етілген бөліктегі депозиттер Қазақстан Республикасының банктерiне немесе оффшорлық аймақтың аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелген, не оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғаға қатысты бағынышты немесе еншiлес болып табылатын ұйымдарына орналастырылғандарын қоспағанда 0 <*>
      2) ІІ топ
      оффшорлық аймақтың аумағында тiркелген және қызметтi жүзеге асыратындарын қоспағанда ЭЫДҰ мүше болып табылатын елдерің Орталық банктеріндегі ағымдағы шоттар мен қысқа мерзімді депозиттер (1052,1251,1252,1253 шоттарының бір бөлігі) 0,2 <*>
      3) ІІІ топ
      Монетарлық емес қымбат металдар (1601 шоты) 0,5
      4) IV топ
      ЭЫДҰ мүшесі болып табылмайтын елдерін қолма-қол шетел валютасы (мұндай валюта бойынша ұзын валюта позициясы шегінде) (1001,1002,1003 шоттары) 1
      Банктердегі ағымдағы шоттар мен мерзімді депозиттердегі қаражат (1 және ІІ топтарда көрсетілгендерден басқа) (1052,1251,1252,1253 шоттарының бөлігі, 1254,1255,1256,1257 шоттар) 1
      Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн кез келген рейтингтiк агенттiктердiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар шет мемлекеттердiң үкiметтерi шығарған бағалы қағаздар, сондай-ақ сатуға арналған (1201, 1202 есепшоттары) және өзге де бағалы қағаздар (1451, 1452, 1454 есепшоттары және 1456 есепшоты, 1 топта көрсетiлген сомадан басқасы); <*>
      1 топта көрсетілген соманы қоспағанда басқа банктерге берілген

кредиттер (1301,1302,1303,1304,1305,1306,1307 шоттар) 1
     Клиенттерге қойылатын талаптар (1400 топтың шоты) 1 топта көрсетілген 
сомадан басқа 1
     Төлем бойынша есеп айырысу (1551,1552 шоттар) 1
     Материалдық қорлар (1602,1658,1658 шоттары, минус 1698 шоты) 1
     Негізгі қаражат (1651,1652,1653,1654,1655,1656,1657 шоттар, минус 
1692-1697 шоттар) 1 
     Есептелген сыйақы (мүдде) (1700 топ шоттары, минус 1 топта 
көрсетілген шоттар бойынша есептелген сомалар бөлігіндегі 1710,1715 
шоттары және 1705 шоты) 1
     Сыйақы (мүдде) және шығыс сомаларын алдын-ала төлеу (1751,1791 
шоттары)1
     Бағалы қағаздар бойынша сыйақы және жеңілдік (1802,1803,1804
шоттары) 1
     Банктің дебиторы (1852,1855,1856,1860,1861,1870,1880 шоттар)  1
     Уақытша активтер (1900 шоты)  1
     5) Тәуекел дәрежесі жөніндегі баланстан тыс міндеттеме былайша 
жіктеледі:


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдемесіне орай берілген, сондай-ақ бағалы қағаздар кепілдігімен, депозитпен, монетарлық құнды металдармен қамтамасыз етілген бөлігіндегі қарсы кепілдік пен кепілдемеге берілген банктің кепілдігі мен кепілдемесі 0
      Бағалы қағаздарды және/немесе қаржы фьючестерін сатып алу немесе сату жөніндегі шоттар, егер олардың міндетті сипаты болса (құжаттармен ресімделсе) (6700, 6800 топтардың шоттары) 0
      Шетел валютасын және тазартылған қымбат металдар сатып алу-сату жөніндегі шоттар (6900 топтың шоттар), егер олардың міндетті сипаты болса 0 <*>
      Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың маңызды кемуі (6575 шоты) 0
      Шығарылуы бойынша жабылған активтер жөніндегі маңызды міндеттеме (6520 шоты) 0
      Болашақта несиелерді және/немесе депозиттерді орналастыру немесе алу жөніндегі шоттар (6600, 6650 топтардың шоты), егер олардың міндетті сипаты болса 0,2
      Кепiлдiк, кепiлдеме, жабылмаған аккредитивтер және форфейтинг операциялары бойынша мiндеттемелер (6555, 6505, 6510, 6580 есепшоттары)1 <*>
      Кейбір баланстан тыс міндеттемелер бойынша тәуекелге барған кезде (600, 6650, 6700, 6800 және 6900 топтардың шоттары) құжаттарға сәйкес ағымдағы ай және/немесе есеп берілетін айдан кейінгі 2 ай ішінде пайда болуы мүмкін (кейіннен баланста көрініс табатын) міндеттемелерді қабылдауы қажет. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-бөлiм өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.10.27. N 380 қаулысымен. V970067_
      Ескерту. 2.6.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2.6.-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен. V001197_
     3-тарау. Ең жоғары 
<*>

      Ескерту. Тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 23 қараша N 460 V011768_ қаулысымен.

      9. "Бiр заемшы" терминнiң банк алдында мiндеттеменiң кез-келген түрi, оның iшiнде несие, овердрафт, вексель банк сатып алған облигациялар, факторинг, форфейтинг, лизинг бойынша борышкер (дебитор) болып табылатын әрбiр жеке немесе заңды тұлға (оның iшiнде банк), немесе банк үшiншi адамның пайдасына (кепiлдiк, кепiлдiк беру, аккредитив) өзiне мiндеттеме қабылдау немесе баланстан тыс басқа мiндеттеме қабылдау, оның iшiнде болашақта кредит беру мiндеттемесiн қабылдау деп түсiндiруге тиiс. Осы Ережелердiң мақсаты үшiн екi немесе одан көп борышкерден тұратын топтар үшiн тәуекел мөлшерi бiр заемшы ретiнде мынадай жағдайлардың бiреуi болған кезде қосарлап есептеледi: <*>
      1) борышкерлердiң бiреуi (акционерлiк қоғамда немесе жауапкершiлiгi шектелген серiктестiкте) iрi қатысушы, (коммандиттiк серiктестiкте) толық серiктес, (толық серiктестiкте) басқаның қатысушысы, не болмаса басқаның қызметiне едәуiр ықпал ететiн тұлға болып табылса;
      2) борышкерлер бiр мезгiлде (акционерлiк қоғамда немесе жауапкершiлiгi шектелген серiктестiкте) iрi қатысушы, (коммандиттiк серiктестiкте) толық серiктес, (толық серiктестiкте) қатысушы не болмаса олардың қызметiне едәуiр ықпал ететiн белгiлi бiр адам болып табылса;
      3) борышкерлердiң бiреуiнiң банктен өздерi кредитке алған қаражатты басқа бiреудiң пайдалануына бергенi дәлелденген болса, не болмаса банктен кредитке алған қаражатты бiрлесiп немесе жеке-дара банктiң борышкерi болып табылмайтын, сол бiр үшiншi адамның пайдалануына берсе;
      4) мұндай борышкерлер, лауазымды адамның қаржылық мүддесi бойынша өзара байланысты болса; <*>
      5) екi және одан да көп борышкерлер бiрлескен қызмет туралы шартпен бiр бiрiмен өзара байланысты болса.
      Ескерту. 3.1.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3.1.-тармақ толықтырылды, өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi
               басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен. V001197_
      Ескерту. 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 23 қараша N 460 V011768_ қаулысымен.
      10. Бiр заемшыға арналған, оның iшiнде банк (Р) тәуекелiнiң мөлшерi банктiң бiр заемшысының банк алдындағы кез келген мiндеттемесi, оның iшiнде несие, овердрафт, вексель, банк сатып алған облигациялар, факторинг, форфейтинг, лизинг, депозит плюс банктiң осы заемшыға баланстан тыс, кредит тәуекелiн (құжатпен ресiмделген, ағымдағы және кейiнгi 2 ай iшiнде пайда болатын) көтеру мiндеттемесiнiң, сондай-ақ банктiң үшiншi тұлғаның пайдасына ол үшiн қабылдаған мiндеттеме (кепiлдiк, кепiлдеме, аккредитив) сомасы бойынша, минус заемшының осы банктегi мерзiмдiк депозиттегi ақша түрiндегi мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары, тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгi, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн, рейтингтiк агенттiктердiң "А" рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингi бар басқа банктердiң кепiлдiгi бойынша жиынтық берешек ретiнде есептеледi.
      Бiр заемшыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiн есептеген кезде Ұлттық Банкке және Standard & Рооrs немесе Fitch агенттiктерiнiң "ВВВ-" немесе Мооdу's Investors Service агенттiгiнiң "ВааЗ" рейтингiнен кем болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар банктерге ашық корреспонденттiк есепшоттар бойынша талаптар есептелмейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3.2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi
               басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен. V001197_
      Ескерту: 3.2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің басқармасы
               2000 жылғы 25 қараша N 435 қаулысымен. V001345_
      Ескерту. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 23 қараша N 460 V011768_ қаулысымен.
      11. Айтарлықтай ықпал етудi жүзеге асыру заңды тұлғаның қабылдаған шешiмдерiне қатысудың тиiстi өкiлеттiгi болуына немесе болмауына қарамастан, оның қаржылық жағдайына немесе ұйымдық құрылымына әсер етуi мүмкiн екенiн көрсетедi.
      Банктiк қадағалау органдарында тиiстi дәлелдер болған кезде заңды тұлғаның қызметiне айтарлықтай ықпал етудi жүзеге асырған тұлға деп танылуы үшiн:
      1) оның осы заңды тұлғаның мәмiленi салыстырмалы түрде жүзеге асыруға шешiм қабылдауына қатысу жолымен немесе оның өз қаражатын пайдалану мақсатында заңды тұлғаның қызметiн бағыттауға немесе басқаруға мүмкiндiгi;
      2) ол жарғылық капиталдың немесе акциялардың 10 проценттен астамын осы заңды тұлғаның дауыс беру құқығымен ұсына отырып, жарғылық капиталдағы немесе акциялардағы өз үлесiн дауыс беру құқығымен енгiзе отырып, оның жеке көзқарасы бойынша оған дауыс беру өкiлеттiгiн берген сенiм негiзiнде осы құқықты жүзеге асыратын жарғылық капиталдың немесе акциялардың сол процентiн жүзеге асыруы;
      3) осы адам немесе оның жақын туысы осы заңды тұлғаның жоғары басшы адамы (бiрiншi басшысы) болуы керек.
      Ескерту. 11-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 23 қараша N 460 V011768_ қаулысымен.
      12. Бiр заемшыға арналған тәуекел мөлшерiнiң қатысы оның мiндеттемелерi бойынша банктiң өз капиталынан (к3 = Р/К) аспауға тиiс;
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын заемшылар үшiн, - 0,10. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты заемшылар жөнiндегi тәуекелдер сомасы банктiң өз капиталының мөлшерiнен аспауға тиiс;
      басқа да заемшылар үшiн - 0,25 (оның iшiнде кемiнде 0,10-ы банк кредиттерi бойынша қамтамасыз етiлмеген баланстан тыс мiндеттемелердi қоса алғанда, сондай-ақ оффшорлық аймақ аумағында тiркелген Қазақстан Республикасының резидентi еместерiне берiлген кредиттер бойынша). <*>
      ЕСКЕРТУ. 3.4.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi
               басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен. V001197_
      13. Бiр заемшының мiндеттемелерiнiң жалпы көлемi несие, овердрафт, факторинг, форфейтинг, лизинг беру, вексельдi есептеу, өзiне мiндеттемелер (кепiлдiк, кепiлдiк беру, аккредитив ) немесе баланстан тыс басқа мiндеттемелер қабылдау сәтiндегi жағдайларда осы Ережелер белгiленген шектеулер шегiнде болса, бiрақ соның салдарынан банктiң өз капиталы деңгейiнiң төмендеуiне байланысты аталған шектеулер асып кетсе, мұндай банк осы фактi туралы Ұлттық Банкке дереу хабарлауға тиiс. <*>
      Ескерту. 3.5.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.

      4-тарау. Коэффициент <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi
               басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен. V001197_
      Ескерту. Тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 23 қараша N 460 V011768_ қаулысымен.
      14. Банктер өтiмдiлiкке бақылау жасау мақсатында өтiмдiлiгi жоғары активтердiң орташа айлық көлемiнiң талап ету мiндеттемесiнiң орташа айлық көлемiне қатынасы ретiнде есептелетiн ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң есебiн ұсынуы тиiс. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң ең төменгi мәнiн Ұлттық Банктiң Басқармасы белгiлейдi.
      Есепке мыналар қабылданады:
      Өтiмдiлiгi жоғары активтер:
      қолма-қол ақша (1001, 1002, 1003, 1005, 1051, 1052 есепшоттары);
      тез сатылатын активтер: мемлекеттiк бағалы қағаздар және Ұлттық Банктiң, қайта сатып алу шарттарында сатып алынған бағалы қағаздардан басқа қайта қаржыландыруы үшiн қолайлы басқа да өтiмдiлiгi жоғары бағалы қағаздар (1151, 1152, 1153, 1154, 1155 есепшоттары), тазартылған қымбат металдар (1004, 1006 есепшоттары), Ұлттық Банктегi және басқа банктердегi овернайт кредиттерi (1101, 1251 есепшоттары).

     Талап ету мiндеттемелерi:
     заңды және жеке тұлғалардың есеп айырысу, ағымдағы есепшоттары (2203, 
2207, 2211 есепшоттары);
     мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қорлардың қаражаттары (2201, 2202 
талап ету сомасы бөлiгiндегi);
     лоро есепшоттары (2010, 2020 тобының есепшоттары);
     банкаралық овернайт депозиттерi (2110 тобының есепшоттары);
     талап ету бойынша басқа мiндеттемелер (2900 есепшоты), оның iшiнде 
есеп айырысуды жүзеге асыру мерзiмi айтылмаған мiндеттемелер бөлiгiндегi 
(2221, 2551, 2552, 2851, 2852, 2854, 2855, 2856, 2860, 2862, 2870 
есепшоттары).
     Кастодиандық және трасттық шарттар бойынша банкке сақтауға және сенiм 
бiлдiрiлген басқаруға қабылданған ақша өтiмдiлiк коэффициентiн есептеген 
кезде қосылмайды.
     Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi былайша есептеледi:
     К4=Аор./Оор., мұндағы
     Аор. - активтердiң орташа айлық көлемi;
     Оор. - талап ету мiндеттемесiнiң орташа айлық көлемi;
     К4 - ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi.


      Есеп беру кезеңiнде банктiң кредиторлар мен депозиторлар алдындағы мерзiмi өткен мiндеттемесi болған жағдайда (2038, 2058, 2059, 2068, 2225, 2749) орташа айлық негiзде айқындалған өтiмдiлiк коэффициентiнiң есеп айырысу мәнiне қарамастан, өтiмдiлiк нормативiн орындамаған деп саналады.
      Банктер ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң есебiнен басқа активтерi мен мiндеттемелерiнiң мерзiмiн салыстыру кестесiн ұсынуға мiндеттi (төменде келтiрiлген):
      Әрбiр актив (мiндеттеме) үшiн активтер мен мiндеттемелердiң мерзiмiн салыстыру кестесiн толтырған кезде неғұрлым қысқа мерзiм көзделедi, ол өткен бойда банк дебиторлар мен корреспонденттердiң мiндеттемелерiн орындауын талап етуге құқығы бар. Мұндай жағдайда активтер резервтi (провизияны) шегерiп тастамай-ақ банк қызметiнен келтiрiлген шығынды өтеуге жатқызылады. Активтер, мiндеттемелер және шартты мiндеттемелер бағаны бойынша деректер 1-ден 5-жолдарға дейiн өсу нәтижелерi бойынша толтырылады. 6 және 7 жолдардың сомасы "Жиынтығы" бағанына енгiзiледi, бұл банк балансының деректерiмен салыстырылады. "Жиынтығы" бағаны мен баланстың актив бөлiгiнiң жиынтығы бойынша айырмашылықтар банк қалыптастырған резервтер (провизиялар) сомасына сәйкес келедi.

     1-жолға осы Ережелерде көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары активтер мен 
талап ету мiндеттемелерiнiң көлемiне есептелетiн активтер мен банк 
мiндеттемелерi жазылуы тиiс.
     Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының       
              2001 жылғы 23 қараша N 460  

V011768_

  қаулысымен.
     
    Банктің активтері мен міндеттемелерінің мерзімін салыстыру кестесі
                  2000 ___ жылғы  "____" _________
 ________________________________________________________________________
 Жол ! Баптары ! Активтер ! Міндетте-  ! А-Б ! Шартты      ! А/(В+Д)
 N   !         !          ! мелер      !     !міндеттемелер!     
     !         !_________________________________________________________
               !     А    !      В     !  С  !     Д       !     Е
 ________________________________________________________________________  
 1   !Талап ету!
      бойынша
 ________________________________________________________________________  
 2   !30 күнге
      дейін
 ________________________________________________________________________ 
 3   !3 айға дейін     
 ________________________________________________________________________ 
 4   !6 айға дейін
 ________________________________________________________________________ 
 5   ! 1 жылға дейін
 ________________________________________________________________________ 
 6   !1 жылдан артық
 ________________________________________________________________________ 
 7   ! Мерзімі өткен
 ________________________________________________________________________ 
 8   ! Жиынтығы
 ________________________________________________________________________ 
     
    
     5-тарау. Лимиттер 
<*>

     Ескерту. Тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының    
              2001 жылғы 23 қараша N 460  

V011768_

  қаулысымен.


      15. Кез келген шетел валютасы жөніндегі ашық валюта позициясының (ұзын немесе қысқа) лимиттерін, ЭЫДҰ мүшелері болып табылмайтын елдердің шетел валюталары жөніндегі ұзын валюта позициясын және валюталық неттопозицияны Ұлттық Банктің Басқармасы белгілейді. <*>
      Ескерту. 5.1.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.

      16. Ашық валюта позициясы - саны жағынан сәйкес келмейтін жекелеген валюталардағы активтер мен міндеттемелер (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді ескере отырып) арасындағы шетел валютасындағы қаражат қалдығының айырмасы. Ол қазіргі кезде де, болашақта да осы валютадағы қаражатты алу талаптарын және беру мiндеттемелерiн көрсетедi.
      Ұзақ ашық валюта позициясы - жекелеген шетел валютасындағы ашық валюта позициясы. Мұнда активтер мен баланстан тыс талаптар дәл осы шетел валютасындағы мiндеттемелер мен баланстан тыс мiндеттемелерден артық болады.
      Қысқа ашық валюта позициясы - жекелеген шетел валютасындағы ашық валюта позициясы. Мұнда мiндеттемелер мен баланстан тыс мiндеттемелер дәл осы шетел валютасындағы активтер мен баланстан тыс мiндеттемелерден артық болады.
      Әрбiр шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке белгiленедi. Шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясының лимитi осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес шетел валютасымен жасалған мәмiлелер және шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңгемен) хеджирленген құралдар бойынша банктiң шарты және ықтимал талаптары мен мiндеттемелерiнiң сомасына түзетулермен баланстық есепшоттар бойынша шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңге) талаптар мен мiндеттемелер есепшоттарындағы абсолют сомалар арасындағы айырмашылықты белгiлеу арқылы есептеледi.
      Жекелеген шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясын есептеген кезде бiрiншi кезекте банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң баланстық есепшоттарында ашылған әрбiр шетел валютасы бойынша есепшоттар сальдосы есептеледi. Содан кейiн шартты талаптар мен мiндеттемелер есебiнiң баланстан тыс есепшоттарда ашылған осындай шетел валютасы бойынша есепшоттардың сальдо сомасы белгiленедi. Осы көрсетiлгендер белгiленгеннен кейiн баланстық есепшоттар бойынша ашық валюта позициясына әрбiр шетел валютасы бойынша, оның iшiнде хеджирленетiн мәмiлелер (құралдар) жасауды ескере отырып, әрбiр шетел валютасы бойынша шартты талаптар мен мiндеттемелер позициясының сомасына тиiстi түзету жасалады.
      Хеджирлеу (хеджирлеу мәмiлесi) ықтимал зиянның орнын жабу мақсатында шетел валютасымен белгiленген активтер мен мiндеттемелер сатып алу түрiнде көрсетiлген бағам айырмашылығының туындауына байланысты ықтимал шығыннан қорғау (сақтандыру) әдiсiн бiлдiредi.
      Баланстық есепшоттар бойынша валюталық нетто-позициясы баланстық есепшоттар бойынша талаптар сальдосымен және шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңгемен) мiндеттемелер арасындағы айырмашылық ретiнде белгiленедi.
      Банктiң валюталық нетто-позициясы шетел валютасымен және шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңгемен) хеджирленген құралдармен жасалған мәмiлелер бойынша сальдо сомасына түзетулермен баланстық есепшоттардың сальдо сомасы ретiнде белгiленедi.
      Шетел валютасымен көрсетiлген талаптар мен мiндеттемелер, осы талаптар мен мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валютасына қатысты валюта позициясының есебiне қосылады. Банктiң еуро бойынша ашық валюта позициясы Еуропалық Валюта Одағына (бұдан әрi - ЕВО) қатысушы елдердiң шетел валютасы бойынша банктiң жиынтық ашық валюта позициясы болып белгiленедi және көрсетiлген валюта бағамдарының еуроға қатынасы бойына белгiленуiн ескере отырып есептеледi. Осыған орай Еуропалық Валюта Одағына (бұдан әрi - ЕВО) қатысушы елдердiң шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке есептелмейдi.
      Мәмiле жасау күнi болып табылмайтын валюталау күнi бар валюта операцияларын жүргiзген кезде мұндай валюта операциялары осы мәмiлелер жасалған күннен бастап валюта позициясының есебiне қосылады.
      Ескерту. 5.2.-тармақ жаңа редакцияда -ҚР Ұлттық Банкi
               басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен. V001197_
      17. Шетел валютасымен операциялар жүргiзуге лицензиялары бар банктер апта сайын, есеп берiлiп отырған келесi аптаның екiншi жұмыс күнi әрбiр шетел валютасы бойынша валюталық позициялар мен валюталық таза салмақ-позиция туралы аптаның әрбiр жұмыс күнi үшiн, сондай-ақ осы Ережеге N 1, 2 және 3 қосымшалар нысаны бойынша жүргізілген форвард, спот және своп мәмілелері туралы мәліметтер есеп бередi. <*>
      Шетел валютасымен операциялар жүргiзетiн филиалдары мен айырбастау пункттерi бар банктер есеп бергенде ашық валюталық позициялар бойынша барлық филиалдар мен айырбастау пункттерiн ескере отырып жиынтық мәлiметтер беруге тиiс. <*>
      Филиалдарының тармақталған жүйесi бар банктер (кем дегенде 15 филиал) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi филиалдар есеп беру мерзiмiн екi жұмыс күнiне дейiн ұзарта алады.
      ЕСКЕРТУ. 5.3.-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
               1997.10.27. N 380 қаулысымен. V970067_
      Ескерту. 5.3.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.
      18. Кез келген жеке шетел валютасы бойынша есеп беретiн апта бойы осы Ережеде белгiленген ашық валюта позициясының лимиттерiн асырып жiберген кезде банкке үш апта бойы ашық валюта позициясының лимитiн және нетто-позиция лимитiн 5%-ке дейiн азайту түрiнде айыппұл салынады.
      Кез келген шетел валютасы бойынша есеп беретiн екi апта бойы

белгiленген ашық валюта позициясының лимиттерiн 3 есе асырып жiберген 
кезде банкке айыппұл түрiнде санкция немесе банк операцияларының жекелеген 
түрлерiн жүргiзуге арналған лицензияға шектеу салынады.
     Белгiленген лимиттердi 0-0,09% шегiнде асырып жiберу жеке алынған 
валюта бойынша ашық валюта позициясының лимиттерiн бұзу болып саналмайды. 
     Ескерту. 5.4.-тармақ жаңа редакцияда -ҚР Ұлттық Банкi                 
              басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен.  

V001197_

 
 
     6-тарау. Коэффициент 
<*>

     Ескерту. Тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының    
              2001 жылғы 23 қараша N 460  

V011768_

  қаулысымен.
     19. Негiзгi құрал-жабдықтар мен басқа да қаржы емес активтердегi 
банк инвестицияларының ең көп мөлшерiнiң өз капиталына қатысы (к5) 0,5-тен 
аспауға тиiс:
              И
     к5 = ------------ 
< 0,5, мұндағы
              К
     И - негiзгi құрал-жабдықтар мен басқа да қаржы емес активтер
сомалары, оған мынадай активтер жатады:
     1) үй-жайлар мен ғимараттар (1652 шоты минус 1692 шоты);
     2) шаруашылық мүккәмал (1653, 1656 шоттары минус 1693, 1695
шоттары);
     3) банк жалдаған үй-жайлар бойынша күрделi шығындар (1657 шоты
минус 1697 шоты);
     4) жалға беруге (лизинг) арналған машиналар, жабдықтар, көлiк
және басқа құрал-жабдықтар (1656 шоты минус 1696 шоты);
     5) басқа негiзгi құрал-жабдықтар (1654 шоты минус 1694 шоты);
     6) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар
(1651 шоты);
     7) материалдық қорлар (1601, 1602 шоттар);
     8) бағасы төмен және тез тозатын заттар (1658 шоты минус 1697 шоты);
     9) күрделi қаржы бойынша дебиторлар (1856 шот).
     Ескерту. 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының         
              2001 жылғы 23 қараша N 460  

V011768_

  қаулысымен.
     6.2. 
<*>

     Ескерту. 6.2-тармақ алынып тасталды -ҚР Ұлттық Банкi                 
              басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен.  

V001197_

 
     
     7-тарау. Қорытынды ережелер 
<*>

     Ескерту. "7-тарау. Қорытынды ережелер" деген сөзбен толықтырылды - ҚР 
              Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 23 қараша N 460        
               

V011768_

  қаулысымен.
     20. Ұлттық Банк банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына 
бақылау жасайды.
     Банктер Банктiк қадағалау департаментiне Ұлттық Банк белгiлеген
тәртiпке сәйкес есеп беруге тиiс.


      Ай сайын, есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 8-күнiнен кешiктiрмей банктер Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне К1, К2, К3, К4, К5 коэффициенттерi есептелген анықтама беруге тиiс. Банктер активтер мен мiндеттемелер мерзiмдерiнiң салыстырмалы кестесiн Банктiк қадағалау департаментiне айдың соңғы жұмыс күнiндегi жағдай бойынша апта сайын, есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 8-күнiнен кешiктiрмей беруге тиiс.
      21. Банк ұсынылған есептердiң дұрыстығына Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес толық жауап бередi.
      22. Ұлттық Банктiң ерекше жағдайларда жекелеген банктерге арналған Басқарма шешiмi бойынша пруденциалдық нормативтер есебiнiң өзге тәртiптерiн не болмаса пруденциалдық нормативтердiң кейбiреуiн сақтамаған банктерге санкция қолданбай, жазбаша ескертпелер жасау немесе дәл мерзiм белгiлей отырып нұсқаулар шығаруға құқығы бар, сол банк осы Ережелердiң талаптарына сәйкес келмейтiн жерлерiн жоюға тиiс. <*>
      Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтердiң есебi Ұлттық Банк бекiткен 1998 (2000) жылға дейiнгi кезеңде олардың қайта капиталдандыру мен қызметiн жақсартудың жеке жоспарлары (шаралар жоспары) Ұлттық Банк Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы Ереженiң талаптарын ескере отырып, олардың шаралар жоспарларының шеңберiнде өзiне алған мiндеттемелерiн банктердiң сақтауы бойынша жүргiзiледi. Сөйтiп банктер қабылдаған нормативтердiң күшейтiлген мәнi (өз қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң арттырылған коэффициентi, бiр заемшыға арналған тәуекелдiң төмендетiлген ең көп мөлшерi, негiзгi құралдардағы банк инвестицияларының ең көп мөлшерiнiң коэффициентi және басқа да қаржы емес активтер) осы банктердiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. <*>
      Ескерту. 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 1998.08.28. N 157 V980600_ қаулысымен.

      Төраға
                                             Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережелерге N 1 қосымша <*>

     Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi                  
              басқармасының 2.06.2000 ж. N 265 қаулысымен.  

V001197_

 
     
     
                     200 __ ж._________ бастап _________ дейін кезең үшін
               ________________________________
                 (уәкілетті банкінің атауы)
               валюта позициясы туралы есебі
 _________________________________________________________________________
                      Апта күндері бойынша операция күнінің соңына сальдо
 Талаптар! Міндетте !_____________________________________________________ 
           мелер    !           1             !           2          
         !          !_________________________!___________________________ 
         !          !        (күні)                   (күні)
         !          !_________________________!___________________________
         !          !Талап-!Міндет-! Позициясы!Талап-! Міндет-! Позициясы  
         !          !тар   !темелер!          !тар   !темелер !
         !          !сомасы! сомасы!          !сомасы!сомасы  !
 ________!__________!______!_______!__________!______!________!___________
 1 Қолма-қол шетел
 валютасындағы талаптар
 ________________________________________________________________________ 
 .. ...  !.. ...  
 ________________________________________________________________________ 
 2. Орналастырылған/
 тартылған депозиттер
 ________________________________________________________________________ 
 .. ...  !.. ...
 ________________________________________________________________________ 
 3. Берілген/алынған
 кредиттер
 ________________________________________________________________________ 
 .. ...  !.. ...
 ________________________________________________________________________ 
 4. Алуға/төлеуге    
 сыйақы есептеу   
 ________________________________________________________________________ 
 .. ...  !.. ...
 ________________________________________________________________________ 
 5. Борыштық және үлестік
 бағалы қағаздар
 ________________________________________________________________________ 
 .. ...  !.. ...  
 ________________________________________________________________________  
 6. Дебиторлық/кредиторлық
 берешек
 ________________________________________________________________________ 
 .. ...  !.. ...  
 ________________________________________________________________________  
 Талаптар.!Міндеттемелер
 дың жиын.! жиынтығы*
 тығы*    
 ________________________________________________________________________ 
 .. ...   !.. ...
 ________________________________________________________________________ 
 Баланстан! Баланстан
 тыс есеп.! тыс есепшоттар
 шоттар   ! бойынша    
 бойынша  !
 ________________________________________________________________________ 
 Талаптар !Міндеттемелер
 жиынтығы ! жиынтығы
 ________________________________________________________________________ 
 Талаптар.!Міндеттемелер
 дың жиын.! жиынтығы
 тығы*    ! 
 ________________________________________________________________________ 
    
 таблицаның жалғасы
    
 _________________________________________________________________________
             Апта күндері бойынша операция күнінің соңына сальдо
 ___________________!_____________________________________________________ 
         3          !           4             !           5          
 ___________________!_________________________!___________________________ 
      (күні)        !        (күні)                   (күні)
 ___________________!_________________________!___________________________
 Талап.!Міндет.!По. !Талап-!Міндет-! Позициясы!Талап-! Міндет-! Позициясы  
 тар   !темелер!зи. !тар   !темелер!          !тар   !темелер !
 сомасы!сомасы !ция.!сомасы! сомасы!          !сомасы!сомасы  !
       !       !сы  !      !       !          !      !        !
 ______!__________  !______!_______!__________!______!________!___________


      * - Тиісті орындарда баланстық есепшотқа ескерілетін шет ел

валютасындағы міндеттемелер мен талаптар көрсетіледі.
     Жекелеген валюталар бойынша ашық валюта позициясының ең жоғары 
белгіленген мөлшері**
     ** - Бұл орындарда банк жүргізетін хеджирленген мәмілені ескере 
отырып шет ел валютасындағы шартты талаптар мен міндеттемелер көрсетіледі.
     *** - Бұл орындарда есепті кезеңдегі аптаның әр жұмыс күні үшін 
барлық шет ел валютасындағы нетто-позиция көрсетіледі.
     
     Банктің нормативтер есебінің соңғы күніндегі өз капиталының 
     мөлшері: ________________________
     Жекелеген валюталар бойынша ашық валюта позицияларының белгіленген ең 
жоғары мөлшері: ___________________
     Валюталық нетто-позицияның ең жоғары белгіленген мөлшері __________
     Жекелеген валюталар бойынша ашық позициялар мөлшері бойынша немесе 
белгіленген ең жоғары мөлшерден асатын валюталық нетто-позиция бойынша 
мәліметтер қызыл түспен бөліп көрсетілуі тиіс.
     
     Банк Басқармасының Төрағасы     ______________   ________________
                                         (қолы)          (аты-жөні)
     
     Банктің Бас бухгалтері          ______________   ________________
                                         (қолы)          (аты-жөні)
     
     Жауапты орындаушы               ______________   ________________
                                         (қолы)          (аты-жөні)
      
     
    


                                               Қазақстан Республикасының   

Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережелерге N 2 қосымша <*>

     Ескерту. N 2 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының  
             1998.08.28. N 157  

V980600_

  қаулысымен.    
 
     
  1998 ж. "__"_________ жағдай бойынша _________________ банкі жүргізген 
             форвард, спот және своп мәмілелері туралы мәліметтер 
 _________________________________________________________________________
|           |  Мерзімдері  |Талаптар (мәмілелер бағамы|2 күнге  |3 күннен  
|           |              |бойынша мың теңгемен)     |дейін    |7 күнге  |
|           |              |                          |         |дейін    |
|           |              |                          |         |         |
|           |              |Міндеттемелер (мәмілелер  |         |         |
|           |              |бағамы бойынша мың теңге. |         |         |
|           |              |мен)                      |         |         |
|___________|______________|__________________________|_________|_________|
|1.         |              |талаптар                  |         |         |
|           |              |__________________________|_________|_________|
|           |              |міндеттемелер             |         |         |
|           |______________|__________________________|_________|_________|
|2.         |              |талаптар                  |         |         |
|           |              |__________________________|_________|_________|
|           |              |міндеттемелер             |         |         |
|           |______________|__________________________|_________|_________|
|3.         |              |талаптар                  |         |         |
|           |              |__________________________|_________|_________|
|           |              |міндеттемелер             |         |         |
|           |______________|__________________________|_________|_________|
|           |              |талаптар                  |         |         |
|           |              |__________________________|_________|_________|
|           |              |міндеттемелер             |         |         |
|___________|______________|__________________________|_________|_________|
     
 ____________________________________________________
 8 күннен 30 | 30 күннен  | Мәмілелер   | Барлығы    |
 күнге дейін |  астам     | бағамы      | валютамен  |
             |            | бойынша     |            |
             |            | барлығы мың |            |
             |            | теңгемен    |            |
             |            |             |            |
             |            |             |            |
 ____________|____________|_____________|____________|
             |            |             |            |
 ____________|____________|_____________|____________|
             |            |             |            |
|
 ___________________________________________________________________
| Анықтамалық ақпарат           | Ең ұзақ мерзімге жасалған мәміле  |
|                               | бойынша есептесу датасы (шамамен  |
|                               | мәлімет беру күніне қарай)        |
|_______________________________|___________________________________|
| Форвард                       |                                   |
|_______________________________|___________________________________|
| Своп                          |                                   |
|_______________________________|___________________________________|
     
   Банк басқармасының төрағасы    ________________________________
     
   Банктің бас бухгалтері         ________________________________
     
 
<*>
 - Бұл кестеде валютаның, құнды металдың, бағалы қағаздың, әрбір
       түрі бойынша мәліметтер берілуі тиіс.
     


                                              Қазақстан Республикасының    

Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережелерге N 3 қосымша <*>

     Ескерту. N 3 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының  
              1998.08.28. N 157  

V980600_

  қаулысымен.    
 
     
  1998 ж. "__"_________ жағдай бойынша _________________ банкі жүргізген 
             форвард, спот және своп мәмілелері туралы мәліметтер 
 _________________________________________________________________________
|    Мерзімі    |  Талаптар (мәмілелер бағамы  |   Спорт мәмілелерінің    |
|               |  бойынша мың теңгемен)       |   сомасы                 |
|               |                              |                          |
|               |                              |                          |
|               |  Міндеттемелер (мәмілелер    |                          |
|               |  бағамы бойынша мың          |                          |
|               |  теңгемен)                   |                          |
|               |                              |                          |
|_______________|______________________________|__________________________|
|               |талап                         |                          |
|               |______________________________|__________________________|
|               |міндеттеме                    |                          |
|_______________|______________________________|__________________________|
|               |талап                         |                          |
|               |______________________________|__________________________|
|               |міндеттеме                    |                          |
|_______________|______________________________|__________________________|
|               |талап                         |                          |
|               |______________________________|__________________________|
|               |міндеттеме                    |                          |
|_______________|______________________________|__________________________|
|               |талап                         |                          |
|               |______________________________|__________________________|
|               |міндеттеме                    |                          |
|_______________|______________________________|__________________________|
     
 _______________________________________________________________________
   Ең ұзақ мерзімге  |  Форвардтық          |  Барлық      |  Валюта    |
   жасалған мәміле   |  мәмілелер           |  операция    |  бойынша   |
   бойынша есептеу   |  бойынша             |  бойынша     |  жиынтығы  |
   датасы (шамамен   |  міндеттеме/         |  жиынтығы    |            |
   мәлімет беру      |  талаптар сомасы     |  (мәмілелер  |            |
   күніне қарай)     |  (мәмілелер бағамы   |  бағамы бой. |            |
                     |  бойынша мың         |  ынша мың    |            |
                     |  теңгемен)           |  теңгемен)   |            |
 ____________________|______________________|______________|____________|
                     |                      |              |            |
 ____________________|______________________|______________|____________|
 ____________________|______________________|______________|____________|
   Банк басқармасының Төрағасы    ________________________________
     
   Банктің бас бухгалтері         ________________________________
     
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады