|
Приказ Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам от 25 января 1999 года N 2. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28.02.1999 г. N 692. Утратил силу - приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам от 18 апреля 2003 года N 56 (V032300)
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы 1999 жылғы 25 қаңтардағы N 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 28.02. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 692. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 56 бұйрығымен.
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қаңтардағы N 35 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелері"
қаулысының
негiзiнде бұйырамын:
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттiк мекемелер үшiн жүргiзiлген, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу туралы есеп берудi жасау мен табыс етудiң қоса берiлiп отырған Ережесi мен есеп нысандары бекiтiлсiн.
2. Аталып отырған, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу туралы есеп берудi жасау мен табыс етудiң Ережесi мен есеп нысандары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң 1998 жылғы 19 қазандағы N 199 "Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан қаржыланатын ұйымдар үшiн өткiзiлген, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу туралы есеп берудi жасау мен табыс етудiң Ережесi мен есеп нысандарын" бекiту және күшiне енгiзу туралы
бұйрығының
күшi жойылған деп белгiленсiн.
Төраға
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыланатын
мемлекеттік мекемелер үшін жүргізілген, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруді жасау мен табыс етудің Ережесі мен есеп нысандары
1. Осы Ереже мен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп нысандары Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiн құру туралы" 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 4173
Жарлығы
негiзiнде мемлекеттiк сатып алу процесiне бақылау жасау және оны үйлестiру мақсатында әзiрленген және ол жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы есеп берудi табыс етудің тәртiбiн белгiлейдi.
2. Жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы есептi Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, соның iшiнде мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебiнен қаржыланатын мемлекеттiк мекемелер-бағдарламалардың әкiмшiлерi қоса берiлiп отырған нысан бойынша табыс етедi:
1) Мемлекеттiк мекемелердiң-бағдарламалардың әкiмшiлерiнің қарамағындағы мекемелер жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы есептi жоғары тұрған мемлекеттiк мекемелерге бередi;
2) Республикалық бюджеттен, соның iшiнде мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебiнен тiкелей қаржыланатын мекемелер-бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк сатып алу туралы есептi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне, тоқсан сайын өсiмдi нәтижемен, есеп берiлетiн кезеңнен кейiнгi айдың 25-не дейiн бередi;
3) Жергiлiктi бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк сатып алу туралы есептердi тоқсан сайын жоғары тұрған мемлекеттiк мекемелер-бағдарламалар әкiмшiлерiне бередi, ал олар жиынтық есептi облыстық атқарушы органға табыс етедi. Облыстық атқарушы органдар және Астана мен Алматы қалаларының атқарушы органдары облыс және Астана мен Алматы қалалары бойынша жиынтық есептi қалыптастырып, оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне өсiмдi нәтижемен есеп берiлетiн кезеңнен кейiнгi айдың 25-не дейiн бередi;
4) Есепке есеп берушi мемлекеттiк мекеменің басшысы қол қояды.
3. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы есеп нысаны үш бөлiктен тұрады:
1) конкурс тәсiлiмен жүргiзген мемлекеттiк сатып алу;
2) баға ұсыныстарын пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау тәсiлiмен жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу;
3) бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу.
Есеп берудi толтырған кезде "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және осы заңды орындау үшiн қабылданған Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268
Қаулысын
басшылыққа алу қажет.
4. "Конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу" деген 1-бөлiмге конкурстың түрi көрсетiлiп, конкурста жеңiп шыққан тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi беретiн өнiм берушiлерден тапсырысшылар жүргiзген барлық мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi деректер енгiзiледi:
1) 2-бағанда мемлекеттiк сатып алу тәсiлдерi мен конкурс түрлерi көрсетiледi;
2) 3, 4, 5-бағандарда өткiзiлген конкурстардың жалпы саны, өткiзiлген барлық конкурстар бойынша жеңiп шыққан өнiм берушiлердң, оның iшiнде - шетелдiк өнiм берушiлердің жалпы саны көрсетiледi;
3) 6, 7-бағандарда сатып алудың жалпы құны, оның iшiнде шетелдiк өнiм берушiлерден сатып алу құны көрсетiледi;
4) 8-бағанда конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген сатып алудан түскен шартты үнемдi көрсету керек. Шартты үнем тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алудың жоспарланатын көлемi бойынша сметалық мақсаты мен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алудың осы көлемiнің өткiзiлген конкурс нәтижелерi бойынша iс жүзiнде қалыптасқан жинақ құны арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
5. "Баға ұсыныстарын пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау тәсiлiмен жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу" деген 2 бөлiмге "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес жүргiзiлген барлық мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi деректер енгiзiледi:
1) 3, 4, 5-бағандарда жүргiзiлген осындай сатып алудың саны, жеңiп шыққан өнiм берушiлердің, оның iшiнде - шетелдiк өнiм берушiлердің саны көрсетiледi;
2) 6, 7-бағандарда жүргiзiлген осындай сатып алудың, шетелдiк өнiм берушiлерден алуды қосқанда, iс жүзiндегi құны көрсетiледi.
6. "Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу" деген 3-бөлiмге "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген барлық мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi деректер енгiзiледi, бұл жағдайда 8-баған толтырылмайды. Соның iшiнде тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi табиғи монополияларға жатпайтын субъектiлерден бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды бөлiп көрсету керек:
1) 3-бағанда жүргiзiлген осындай сатып алудың саны көрсетiледi;
2) 4, 5-бағандарда өнiм берушiлердің, оның iшiнде - шетелдiк өнiм берушiлердiң саны көрсетiледi;
3) 6, 7-бағандарда жасалған шарт бойынша мемлекеттiк сатып алудың, шетелдiк өнiм берушiлерден алуды қосқанда, iс жүзiндегi құны көрсетіледі.
7. "Жүргiзiлген сатып алудың барлығы" деген 4-бөлiмде 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарда барлық үш бөлiмдер бойынша жалпы сома көрсетiледi.
Республикалық және жергілікті
бюджетерден қаржыланатын мемлекеттік
мекемелер үшін жүргізілген,
тауарларды, жұмыстарды және қызмет
көрсетулерді мемлекеттік сатып алу
туралы есеп беруді жасау мен табыс
етудің Ережесіне қосымша
_____жылғы" "___________толтырылды
________жылғы" "________жағдай бойынша жүргізілген
мемлекеттік сатып алу туралы
Есеп
____________________________________________________________
(мемлекеттік мекемелердің-бағдарламалардың әкімшілерінің
атауы)
______________________________________________________________
| | | |Сатып алудың |
| | | Саны |жалпы көлемі |
|Рет | Сатып алу тәсілі | | (мың теңге) |
|саны| |____________________|_______________|
| | |өткіз.|жеңіп |оның |Барлығы|оның |
| | |ілген |шыққан|ішін. | |ішінде |
| | |конкур|өнім |де ше-| |шетел. |
| | |стар. |беруші|телдік| |дік өн-|
| | |дың |лердің|өнім | |ім беру|
| | | | |беру. | |шілер- |
| | | | |шілер-| |дің |
| | | | |дің | | |
______________________________________________________________
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|____|___________________|______|______|______|_______|_______|
| 1 |Конкурс тәсілімен | | | | | |
| |жүргізілген мемле. | | | | | |
| |кеттік сатып алу | | | | | |
| |Барлығы, | | | | | |
| |оның ішінде | | | | | |
| | ашық тәсілмен | | | | | |
|________________________|______|______|______|_______|_______|
| |жабық тәсілмен | | | | | | |____|___________________|______|______|______|_______|_______|
| 2 |Баға ұсыныстарын | |
| |пайдалана отырып, | |
| |өнім берушіні таң. | |
| |дау тәсілімен жүр. | |
| |гізілген мемлекет. | |
| |тік сатып алу | |
|____|___________________|____________________________________|
| 3 |Бір көзден сатып | |
| |алу тәсілімен жүр. | |
| |гізілген мемлекет. | |
| |тік сатып алу | |
| |Барлығы, | |
| |___________________|____________________________________|
| |оның ішінде табиғи | |
| |монополияларға жат.| |
| |пайтын субъектілер.| |
| |ден | |
|____|___________________|____________________________________|
| 4 |Жүргізілген сатып | |
| |алудың барлығы: | |
|____|___________________|____________________________________|
_______________________________
Конкурстық негізде |
жүргізілген сатып алудан |
түскен шартты үнем (мың теңге) |
_______________________________|
8 |
_______________________________|
1. |
|
2. |
|
3. * |
|
4. * |
_______________________________|
орындаушы:___________ Басшы____________
тел:_________