Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 қаңтар N 35. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен. ~P991301

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін құру туралы" 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 4173 U984173_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ және ережемен құрылым күшін жойды - ҚР Үкіметінің
               1999.03.26. N 304 қаулысымен. P990304_
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі қызметкерлерінің штат саны 23 адам болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасына бір орынбасары, сондай-ақ 5 адам санында алқа болуға рұқсат етілсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі үшін 2 қызметтік жеңіл автокөлік лимиті белгіленсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржының есебінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы

Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алу 
жөніндегі департаменті туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 16 
қыркүйектегі N 903  

P980903_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1998 ж., N 33, 293-құжат) күші жойылған деп танылсын.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
   Оқығандар:     
  Қобдалиева Н.
  Икебаева А.        
     
   
     
     
                    
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады