Вопросы в сфере социального обеспечения (пособия)
07.01.2020 Казыбекова Жумагул Тынышкалиевна
Асырап алған балаға асыраушысынан айрылу жәрдемақысын ала аламын ба? ақы ала алам ба?

Асырап алынар кезінде ата-анасының қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі зейнетақы мен жәрдемақы алуға құқығы бар бала бұл құқықты асырап алынған жағдайда да сақтап қалады. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің жобасы туралы 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1269 Қаулысы 96-бап.)

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.

(Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңының 13 бап. 1 тармақ.)

Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:

1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмаса есептеледi.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды; (Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңының 13 бап. 2 тармақ.)

Примечание: Обращаем Ваше внимание, что в силу пункта 4 статьи 60 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", представляемое разъяснение носит рекомендательный характер.