"Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 22 қазандағы N 305-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 22 қарашада N 6647 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.08.15 № 208-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4979, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 16 қарашада № 176 (1379) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесінде:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жер учаскесіне меншік құқығының, жерді тұрақты немесе уақытша өтеулі ұзақ мерзімді (жалдау) пайдалану құқығының актісін;».
      2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      ________________Ә.Құсайынов
      2010 жылғы 22 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады