Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарын күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 19-1/248 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мынадай:
      1) Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалаңуға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді бекіту туралы 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6870 тіркелген, 2011 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 152 (26573) жарияланған):
      2) «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 14-1/513 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7228 тіркелген, 2011 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 346-347 (26737-26738) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                            А.Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады