Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 14 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 1-26/120 санды ұсынысының негізінде Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округіндегі Көбелей елді-мекенінде орналасқан "Жамбыл" шаруа қожалығында ірі қара малдардың арасында қарасан ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 наурызындағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызында № 4268 санымен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Жұрын ауылдық округінің әкімі Т.Абдірзақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады