Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 37 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 14-01/211 ұсынысы негізінде Кеңестуы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кеңестуы ауылдық округінің Қопа ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасындағы бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешенінің толық жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3966 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 23 шілде айында ресми жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеңестуы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж. Шүкіровке жүктелсін.
      Кеңестуы ауылдық округінің әкімі С. Тұранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады