Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 359 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлы жүктелсін.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Қалымбетов

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы
"19" қарашадағы № 359
қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімиятының 2003 жылғы 4 ақпандағы "Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы" № 1 қаулысы (Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 17 наурызда № 873 болып тіркелді).
      2. Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімиятының 2004 жылғы 3 наурыздағы "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру туралы" № 27 қаулысы (Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылы 2 сәуірде № 1298 болып тіркелді).
      3. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 ақпандағы "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 31 Қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 13 наурызда № 45 болып тіркелді).
      4. Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімиятының 2009 жылғы 15 шілдедегі "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" № 205 Қаулысы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 20 тамызда № 47 нөмірімен тіркелді)
      5. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 09 наурыздағы "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу турал" № 78 Қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 30 наурызда № 6-7-64 нөмірімен тіркелді).
      6. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы "Мойынқұм ауданында 2011 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" № 82 Қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 сәуірде № 6-7-67 нөмірімен тіркелді).
      7. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 90 қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 28 сәуірде 6-7-68 нөмірімен тіркелді).
      8. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" № 336 Қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 21 желтоқсанда № 6-7-74 нөмірімен тіркелді).
      9. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 344 Қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда № 6-7-76 нөмірімен тіркелді).
      10. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Мойынқұм ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 131 қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 мамырда № 6-7-81 нөмірімен тіркелді.).
      11. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 232 қаулысы (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 тамызда 6-7-86 нөмірімен тіркелді).
      12. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы "2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 63 қаулысы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 наурызда № 1902 нөмірімен тіркелді.
      13. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі "Ауыл және ауылдық округ әкімдерінің кандидаттарына таңдаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" № 215 қаулысы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 30 шілдеде № 1984 болып тіркелді).
      14. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы "2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 9 қаулысы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 5 наурызда № 2121 болып тіркелді).
      15. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы "Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" № 322 қаулысы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 2439 болып тіркелді).
      16. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі "Мойынқұм ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" № 275 қаулысы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қазандағы № 2802 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады