Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 430 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сай Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мерзімді баспасөз басылымдарында осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін және күнтізбелік бес күннің ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы 
№ 430 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2214 нөмірмен тіркелген);
      2. «Табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыруды немесе таратуды уәкілетті органмен келісу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3878 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінде» № 16 (996), 2006 жылғы 1 ақпанда жарияланған);
      3. «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 212-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2007 жылғы қыркүйекте жарияланған, № 9, 280-бап, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де атқарушы органдарының актілер жинағында 2007 жылы, маусым-тамызда жарияланған);
      4. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығына қосымшаның 2-тармағы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 555 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2009 жылғы.№ 3, 338-бап).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады