Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 157 "Әкімдіктің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 88 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 143 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 157 "Әкімдіктің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 88 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5853 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Халыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады