Бұрын, 2015 жылғы 14 қазанда қабылданған, Қызылжар ауылдық округі әкімінің "Қызылжар ауылдық округі "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринариялық режимді белгілеу туралы" № 1-22-02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 1-22-01 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 23 мамырдағы шектеуді алу туралы № 2-19/210 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
      1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің бұрын, 2015 жылғы 14 қазанда қабылданған "Қызылжар ауылдық округі "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринариялық режимді белгілеу туралы" № 1-22-02 шешімінің (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2015 жылғы 2 қарашадағы № 4776 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қарашадағы аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінің № 46 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Қызылжар ауылдық округінің әкімі Т. Жакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады