Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 62 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішовке жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "15" сәуірдегі № 62 қаулысына қосымша

Күші жойылуға жататын қаулылар тізімі

      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 07 қарашадағы № 302 "Мақат ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 11 қарашада № 2792 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2013 жылғы 28 қарашада № 48 (643) санында жарияланған) қаулысы;
      2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 53 "Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 қарашадағы № 302 "Мақат ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 08 сәуірде № 3153 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 16 сәуірде № 15 (713) санында жарияланған) қаулысы;
      3. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 240 "Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 қарашадағы № 302 "Мақат ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3406 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2016 жылғы 14 қаңтарда № 2 (752) санында жарияланған) қаулысы;
      4. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 140 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 04 тамызда № 3273 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 13 тамызда № 32 (730) санында жарияланған) қаулысы;
      5. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 287 "Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 140 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 3432 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2016 жылғы 22 қаңтарда № 3 (753) санында жарияланған) қаулысы;
      6. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 35 "Мақат ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылғы 25 ақпанда № 2857 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2014 жылғы 06 наурызда № 9 (656) санында жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады