Мақат ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 35 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 ақпанда № 2857 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 62 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақат ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Умаров

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 35 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 35 қаулысымен бекітілген

Мақат ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі

      1. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. "Мақат ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер.
      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орнының түлектері.
      4. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысушылар.
      5. Елу жастан асқан тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады