Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25.05.2022 № 6-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.06.2022 № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 17.02.2023 № 5-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 271 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25.05.2022 № 6-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.06.2022 № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және нормативтiк қаулы мемлекеттік органдары басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Ә. Смайылов

Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің төрағасы
______________ Н. Годунова

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2018 жылғы
30 қарашадағы № 1040 бұйрығына
және Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2019 жылғы
4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен
нормативтiк қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 17.02.2023 № 5-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 271 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) ұсыну бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Кедендік реттеу саласындағы ақпаратқа Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары алған кез келген, cоның ішінде құпия және алдын ала ақпарат жатады.

      Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді осы бірлескен нормативтік қаулыға және бұйрыққа 2-қосымшаға сай бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына ұсынатын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесіне сәйкес ұсынады.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      3. Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиялары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

      4. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) қағаз жеткізгіштерде;

      2) электрондық жеткізгіштерде;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Жоғары аудиторлық палатаның ақпараттық жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл болған кезде Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік кірістер органдары Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссиясының сұрау салуын алған күннен бастап, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерін орындауы және функцияларын жүзеге асыруы үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын белгіленген тәртіппен сақтай отырып, оларға Мәліметті береді.

      6. Мәліметті алушы осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары мемлекеттік кірістер органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан алған осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпарат өздерінің міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға жатпайды.

      Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты кедендік бақылауды жүргізуге тартылған мамандар кедендік бақылауды жүргізу кезінде өз міндеттерін орындау кезінде де, ол аяқталғаннан кейін де жария етпеуі тиіс.


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 1040 бірлескен бұйрығына
және Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2019 жылғы 4 наурыздағы
№ 3-НҚ нормативтiк қаулысына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы ұсынатын мәліметтер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 17.02.2023 № 5-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 271 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.

Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің атауы

1.

Салық төлеушілердің дербес шоттары және олар бойынша деректер

2.

Салық төлеушілердің салық нысандары және олар бойынша деректер

3.

Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамаларының нормаларын салық төлеушiлердің орындауын салықтық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер

4.

Мемлекеттiк салық төлеушiлер дерекқорынан мәлiметтер

5.

Салық төлеушiлер бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару туралы мәлiметтер

6.

Салық төлеушiлер бойынша мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi туралы мәлiметтер

7.

Салық төлеушiге қолданылған салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары туралы мәлiметтер

8.

Салықтық тексеру нәтижелерiне және лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктеріне) шағымдану туралы деректер

9.

Салық төлеушілер және салық салынатын объектілер, сондай-ақ салық төлеушілер жүзеге асырған операциялар бойынша мәліметтер ұсынатын уәкілетті органдардың ақпараты

10.

Салықтарды және айыппұл санкцияларын есептен шығару (есептен шығару туралы заң және мемлекеттік органдардың актілері қабылданғаннан кейінгі өсімпұлдар мен айыппұлдар) туралы мәліметтер

11.

Салық төлеушiлердiң салық есептілігі негiзінде қалыптастырылған талдамалық есептер

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады