"Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 6-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰЙЫРАДЫ және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен және нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Әдіснама және сапа бақылауы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының көшірмелерінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының орындалуын бақылау Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы мемлекеттік органдары басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары – Қаржы министрі
_________________ Е. Жамаубаев


Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті Төрағасының міндетін
атқарушы
______________ Р. Рахимов

  Премьер-Министрдің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 614 бұйрығына
және Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2022 жылғы 25 мамырдағы
№ 6-НҚ бірлескен
нормативтiк қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 1040 бұйрығына және
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2019 жылғы 04 наурыздағы
№ 3-НҚ бірлескен
нормативтiк қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік кірістер органдарының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (бұдан әрі – Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) ұсыну бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Кедендік реттеу саласындағы ақпаратқа Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары алған кез келген, cоның ішінде құпия және алдын ала ақпарат жатады.

      Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді осы бірлескен бұйрыққа және нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына ұсынатын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесіне сәйкес ұсынады.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      3. Есеп комитеті, тексеру комиссиялары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

      4. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірінде:

      1) қағаз жеткізгіштерде;

      2) электрондық жеткізгіштерде;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Есеп комитетінің ақпараттық жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі болған кезде, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік кірістер органдары Есеп комитетінің, тексеру комиссиясының сұрау салуын алған күннен бастап, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерін орындауы және функцияларын жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын белгіленген тәртіппен сақтай отырып, оларға Мәліметті береді.

      6. Мәліметті алушы осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кіріс органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан алған мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары мұндай ақпаратты өздерінің міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратуға құқығы жоқ.

      Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты кедендік бақылауды жүргізуге тартылған мамандар кедендік бақылауды жүргізу кезінде өз міндеттерін орындау кезінде де, ол аяқталғаннан кейін де жариялауға жатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады