Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 63 н/қ "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 96 н/қ бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 92 н/қ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 04.07.2023 № 92 н/қ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 63 н/қ "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      "Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасы туралы ережесінің" 15-қосымшасы 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Байқоңыр" ауданы, Ж. Омаров көшесі, 60.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұйымдастыру- кадр басқармасы (бұдан әрі - Комитет):

      1) осы бұйрықты Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасына Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңымен қарастырылған шаралар қабылдау үшін жіберуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасы бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментіне тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комитетке осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы ақпарат берілуін;

      3) бір айлық мерзімде актілерді осы бұйрыққа сәйкестендіруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің ұйымдастыру – кадр жұмысы басқармасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға Қ. Жақыпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады