Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 60 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 65 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 08.11.2023 № 65 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса біріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов аудандық мәслихатының хатшысы А. Мурзабаев

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "23" маусымдағы
  № 60 шешімімен
  бекітілген

Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Денисов ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін – Денисов ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округінің тұрғындары (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Денисов ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Денисов ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Денисов ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Денисов ауылдық округінің ауылдары, көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Денисов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы Денисов ауылдық округінің алдында тиісті ауылда, көшеде қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Денисов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Денисов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдық округінің ауыл, көше тұрғындары үшін өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Денисов ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Денисов
  аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 23 маусымдағы
  № 60 шешіміне
  қосымша

Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Денисов ауданы Денисовка ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Денисовка ауылы 50 лет Октября көшесінің тұрғындары үшін

3

2

Денисовка ауылы Амангельды, Строительная көшелерінің тұрғындары үшін

2

3

Денисовка ауылы Базарная, Комсомольская, Пушкина көшелерінің тұрғындары үшін

3

4

Денисовка ауылы Береговая көшсінің тұрғындары үшін

1

5

Денисовка ауылы Гагарина, Терешковой, Титова, Королева, Заречная көшелерінің тұрғындары үшін

1

6

Денисовка ауылы Нурпеисова көшелерінің тұрғындары үшін

1

7

Денисовка ауылы Горького, Ленина, Октябрьская көшелерінің тұрғындары үшін

1

8

Денисовка ауылы Дорожная, ДЭУ-239, Подстанция көшелерінің тұрғындары үшін

1

9

Денисовка ауылы Кавказская, Молодежная көшелерінің тұрғындары үшін

1

10

Денисовка ауылы Первомайская, Полевая көшелерінің тұрғындары үшін

1

11

Денисовка ауылы Калинина көшесінің тұрғындары үшін

2

12

Денисовка ауылы Красных Партизан көшесінің тұрғындары үшін

3

13

Денисовка ауылы Мельничная көшесінің тұрғындары үшін

1

14

Денисовка ауылы Нефтебаза, Степная көшелерінің тұрғындары үшін

1

15

Денисовка ауылы Новая көшесінің тұрғындары үшін

2

16

Денисовка ауылы Патриса Лумумбы көшесінің тұрғындары үшін

1

17

Денисовка ауылы Целинная, Рабочая көшелерінің тұрғындары үшін

1

18

Денисовка ауылы Советская көшесінің тұрғындары үшін

1

19

Денисовка ауылы Станция Денисовка көшесінің тұрғындары үшін

1

20

Денисовка ауылы Маслозаводская көшесінің тұрғындары үшін

1

21

Денисовка ауылы Фестивальная көшесінің тұрғындары үшін

1

22

Денисовка ауылы Чапаева көшесінің тұрғындары үшін

1

23

Денисовка ауылы Элеваторная, Сельхозтехника көшелерінің тұрғындары үшін

1

24

Некрасовка ауылының тұрғындары үшін

3

25

Гришенка ауылының тұрғындары үшін

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады