"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-ө бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 232-Ө бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығымен

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
_________С.Брекешев
2022 жылғы "____" _________

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.02.2023 № 32-Ө бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 955 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығына (2016 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      19-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";

      19-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын.

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 38 және 39-тармақтармен толықтырылсын:

      "38. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      39. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:

      "15. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      16. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жетісу облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      17. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі".".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің
Аппарат басшысы
А.Әбдікешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады