Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-тармағы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашлық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Солтүстікгеодезия" филиалына шекаралық-геодезиялық белгілерді және оларға кіреберістерді орналастыру мақсатында Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі аумағында жалпы көлемі 0,0004 гектар жер учаскесін пайдалануға қоғамдық сервитут белгіленсін.

      1) ДГЖ негізгі орталығына қызмет көрсету үшін (дәлдігі жоғары геодезиялық желі).

      2) ДГЖ басқару орталығына қызмет көрсету үшін (дәлдігі жоғары геодезиялық желі).

      2. "Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген кунінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі К. Нурмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады