Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 236/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 149/21 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 54/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 29.08.2023 № 54/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 236/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) бағалау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты не кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға оның жұмыс органы болып табылады, бұдан әрі кадр қызметі жөніндегі бас маман.

      Комиссияның құрамын уәкілетті тұлға айқындайды. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.";

      41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда еркін нысанда акт жасалады, оған бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 40 - тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады