"Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 143/3 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      бір ай ішінде Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
"8" маусымдағы № 143/3
қаулысымен бекітілді

"Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 15.01.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі) Тереңкөл ауданы аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Ңлгин көшесі, 172.

      10. Осы Ереже ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Тереңкөл ауданы әкімдігі атынан мемлекет ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      14. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

2-тарау. "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері және өкілеттіктері

      15. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің мақсаты Тереңкөл ауданында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      16. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің мәні ішкі саяси мәселелерді реттеуге бағытталған мемлекеттiк саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру, тілдерді дамыту саласындағы жұмысты ұйымдастыру, мониторингілеу, үйлестіру мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады.

      17. Міндеттері:

      1) Тереңкөл ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;

      4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен өзара іс-қимыл;

      5) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      18. Өкілеттіктер:

      1) Құқығы:

      Тереңкөл ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиялары жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;

      олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;

      мемлекеттік органдарда, сотта ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мүдделерін ұсынуға;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасауға құқылы.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      19. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;

      2) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      4) көрнекі үгіт-насихаттың мазмұнын қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының саяси бағытына бақылауды жүзеге асыру;

      5) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, қоғамдық пікірге сұрау салу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру;

      6) ауданның жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу;

      7) Тереңкөл ауданы аумағында дінге қатысты мемлекет саясатын дәйекті жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қатынастарын реттеу саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

      8) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестіктерінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, жинау және жіктеу бойынша жұмысты жүзеге асыру;

      9) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      10) халықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

      11) аудандағы отбасылық-демографиялық ахуал мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      12) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырыстарына және әкімдік жанындағы кеңестерге материалдар, талдамалық жазбалар, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси процестердің даму динамикасы мен үрдістері туралы ақпарат дайындау;

      13) мемлекеттік тілді жаппай қолдануға бағытталған шаралар қабылдау;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарауды қамтамасыз ету;

      15) аудандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу;

      16) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      17) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізу;

      18) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      19) облыстың атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      20) Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

      21) Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасайды.

3-тарау. "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      20. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      21. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      22. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі мен қаражатына иелік етеді және істердің жай-күйіне дербес жауапты болады;

      3) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады;

      6) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

      7) барлық органдар мен ұйымдарда ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімін ұсынады;

      8) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;

      9) өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.

      23. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      24. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

      25. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігінің атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қарамағында келесі мекеме бар:

      Тереңкөл ауданы әкімдігінің, Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "ALDASPAN ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ" коммуналд лекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады