"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 126 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №378 "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е. Каюповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ. Есқалиев

  2022 жылғы "_____"
_____________ № ___________
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Басқарма) Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу және облыстық коммуналдық мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары болмайды.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 45.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік сатып алу және облыстық коммуналдық мүлікті басқару салаларындағы мәселелерді шешеді, дамудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізеді;

      мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгiленген тәртiппен мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;

      мемлекеттік органдарда, сотта мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының мүддесін білдіреді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;

      өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде коммуналдық меншіктегі мүліктерді пайдалануды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді;

      2) тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;

      3) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;

      4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;

      5) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;

      6) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;

      8) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды;

      10) ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелеріне түсінік береді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

      13) мемлекеттік органдардың, мемлекеттiк мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуларына мониторингілеу және талдау жүргізеді;

      14) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      15) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асырады;

      16) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

      17) облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлігі деңгейіне беру жөніндегі шешімді қабылдайды және жұмыстарды жүргізеді;

      18) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      19) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, соның ішінде оны кепілге, жалға алуға және өтеусіз пайдалануға беру жөніндегі шешімді қабылдайды және жұмыстарды жүргізеді;

      20) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады;

      21) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде кейіннен беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      22) облыстық коммуналдық мүліктің тиімді пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      23) облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару, жекешелендіру объектілерін сатып алу - сату шарттары міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      24) ведомстволық бағынысты коммуналдық кәсіпорындардың (мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің) даму жоспарларына келісім беру, орындалуын бақылау және талдау жасау, іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;

      25) облыстық коммуналдық мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігіне мониторинг жүргізуді ұйымдастырады;

      26) сыйға тарту шарты бойынша мүлікті коммуналдық меншікке қабылау бойынша шешім қабылдайды және жұмыстарды жүргізеді;

      27) дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуына байланысты жарамсыз болған, облыстық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге және облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бекітіліп берілген және негізгі құрал-жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің есептен шығаруға келісім береді;

      28) Басқарманың теңгеріміне бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз етеді;

      29) коммуналдық меншікке қабылдауға және оны коммуналдық заңды тұлғаға беруге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін коммуналдық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдайды;

      30) облыстың, ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті уәкілетті органдарының коммуналдық мүліктің пайдаланылуы және сақталуы бойынша жұмысын үйлестіреді;

      31) коммуналдық мүлікке өздерінің құқықтарын іске асыру жөнінде өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      32) коммуналдық мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі нәтижелері бойынша проблемаларды анықтау және объектіні одан әрі дамытуды жүзеге асырады (Орал қаласы мен аудан әкімдерінің ұсынысы негізінде);

      33) салалық және жергілікті атқарушы органдар үшін объектілерді өңір экономикасына тарту бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) Басқарманың басшысы орынбасарларының, бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      4) Басқарманың қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      9) Басқарманың бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

      11) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады