Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 7-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 қазанда № 7257-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Л. Кайргалиева

  2023 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 7-1 Шешіміне
қосымша

      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6920 тіркелген).

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-3 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 20-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29513 тіркелген).

      3. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-3 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 30 қарашадағы № 22-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30999 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады