Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, Ойыл ауылдық округі және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,0011 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін

      2. "Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары

Жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

Жайылым, га

Басқа жерлер, га

1

"Бақыт" шаруа қожалығы (Ойыл ауылдық округі)

Елді-мекен жерлері

0.0001

0.0001

-

2

"Бексұлтан" шаруа қожалығы (Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі)

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

0.0010

0.0010

-

Барлығы:


0.0011

0.0011



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады