"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 03 сәуірдегі № 05-03/192-И ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы аумағында:
1) Тұран ауданы А. Байтұрсынов көшесі № 85Б үйден мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты А. Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына;
2) Абай ауданы М. Маметова көшесі № 143/3 үйден аламаннан құтыру ауруы анықталуына байланысты М. Маметова көшесіне;
3) Тұран ауданы М. Серсенбаев көшесі № 24 үйден иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты М. Сарсенбаев көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Шымкент қаласы әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | Қ. Асылов |