Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 24/НҚ бұйрығы

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 336) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 16 ақпандағы
№ 24/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалары

Орындалатын функция

Қызмет ақысы

Өлшем бірлігі

Фронт-офис арқылы көрсетілетін қызметтердің бағасы (ҚҚС ескерілмеген, теңге)

Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің бағасы (ҚҚС ескерілмеген, теңге)

1

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

Тіркеу:
Шағын, орта бизнес – тегін;
Ірі бизнес - ақылы.
Филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу:
барлық субъектілер үшін ақылы

1 құжат

9 885,38

9 699,17

2

Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу

Барлық субъектілер үшін ақылы

1 құжат

10 009,51

9 823,31

3

Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару

Шағын, орта бизнес – тегін;
Ірі бизнес - ақылы, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару барлық субъектілер үшін ақылы

1 құжат

9 736,41

9 637,10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады