Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 23 өкімі.


            1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы бекітілсін.

            2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 1 қазандағы № 204 шешімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 23 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің ҚҰРАМЫ

Армения Республикасынан


Аветисян
Сергей Арташесович
 

Армения Республикасы
Экономика министрінің орынбасары
 

Киракосян
Эдуард Саакович
 

Арменияның Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) одағының атқарушы директоры
 

Лалаян
Ваагн Степанович
 

Армения Республикасы Экономика министрлігінің Инвестициялық саясат басқармасының бастығы
 

Чилингарян
Аарон Арутюнович
 

"Парадигма Армения" консультациялық және бухгалтерлік жабық акционерлік қоғамының құрылтайшы-сарапшысы, Арменияның Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) одағы кеңесінің мүшесі

Беларусь Республикасынан


Бабаченок
Ирина Вячеславовна
 

Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Кәсіпкерлік департаментінің директоры
 

Березин
Владимир Брониславович

"Профессор М.С. Кунявский атындағы кәсіпкерлер мен жалдаушылардың бизнес одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі, "Пиксель Инвестментс" жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры
 

Калинин
Александр Федотович

"Беларусь кәсіпкерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
 

Карягин
Владимир Николаевич
 

"Минск астаналық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
 

Колесник
Валерий Георгиевич
 

Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің сыртқы экономикалық қызметті қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары,
экспортқа жәрдемдесу бөлімінің бастығы

Костевич
Ирина Анатольевна

Беларусь Республикасы
Экономика министрінің орынбасары
 

Лемешевский
Виктор Матвеевич

Беларусь Республикасындағы Кәсіпкерлікті дамыту кеңесінің мүшесі
 

Наркевич
Ирина Владимировна

Беларусь Республикасы
Сауда министрінің орынбасары
 

Новицкий
Сергей Григорьевич

Беларусь Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту кеңесі
төрағасының орынбасары
 

Селицкая
Элла Александровна

Беларусь Республикасы Салықтар
және алымдар министрінің орынбасары
 

Тарасевич
Жанна Казимировна

"Профессор М.С. Кунявский атындағы кәсіпкерлер мен жалдаушылардың бизнес одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры, басқарманың тең төрағасы
 

Чемерко
Геннадий Николаевич

Өнеркәсіп кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы төрағасының орынбасары
 

Швец
Александр Иосифович
 

"Беларусь ғылыми-өнеркәсіптік қауымдастығы" республикалық
қоғамдық бірлестігінің төрағасы
 

Қазақстан Республикасынан
 

Жолдыбаева
Ғалия Тағыбердіқызы
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры
 

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Жантасов
Темірлан Бекетұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы
 

Жүнісова
Дана Бейсенқызы
 

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Экономикалық интеграция департаментінің директоры
 

Ибрагимова
Ләззат Еркінқызы

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрайымы
 

Кәрімов
Айдын Мейрамбекұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары
 

Құрбанбаева
Гүлнар Төретайқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары
 

Мәмбеталин
Әлихан Есенғосұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кедендік әкімшілік жүргізу департаментінің директоры
 

Ошақбаев
Рақым Сәкенұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары
 

Сұлтанов
Руслан Серікұлы

"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры
 

Ресей Федерациясынан


Бакаев
Вячеслав Владимирович

"Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы" жалпыресейлік қоғамдық ұйымының Бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру және әкімшілік кедергілерді жою комитетінің жауапты хатшысы
 

Ермаков
Виктор Петрович

Ресей шағын және орта бизнесті қолдау агенттігінің бас директоры, Ресей Федерациясының шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық уәкіл
 

Живулин
Вадим Александрович

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Реттеуші ықпалды бағалау департаментінің директоры
 

Исаев
Павел Анатольевич

"Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы" жалпыресейлік қоғамдық ұйымының Интеграция, сауда-кедендік саясат және ДСҰ комитетінің жауапты хатшысы
 

Корочкин
Владислав Леонтьевич

"РЕСЕЙ ТІРЕГІ" шағын және орта кәсіпкерліктің жалпыресейлік қоғамдық ұйымының сараптамалық-талдау қызметі жөніндегі бірінші вице-президенті
 

Котелевская
Ирина Васильевна

"Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы" жалпыресейлік қоғамдық ұйымының заңнама мониторингі және құқық қолдану практикасы орталығының директоры
 

Курочкин
Дмитрий Николаевич

Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті
 

Маевский
Андрей Владимирович

"Іскер Ресей" жалпыресейлік қоғамдық ұйымының жобалық менеджері, техникалық реттеу жүйесін жетілдіру комитеті төрағасының орынбасары
 

Неверов
Ильдар Алиевич

"Іскер Ресей" жалпыресейлік қоғамдық ұйымының бас кеңесінің мүшесі, экология комитетінің төрағасы
 

Саладников
Валерий Викторович

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Экономикадағы мемлекеттік реттеу департаменті директорының орынбасары
 

Сысоева
Анна Алексеевна

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Кеден одағы органдарымен өзара іс-қимыл және ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары
 

Титов
Борис Юрьевич

Ресей Федерациясының Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
 

Цыганков
Даниил Борисович

"Жоғары экономика мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының реттеуші ықпалды бағалау орталығының директоры
 

Шестоперов
Алексей Михайлович

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады