Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 30 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 27-тармағына сәйкес:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы №6 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский А.Мамин Т.Абдыгулов И.Шувалов

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
  2017 жылғы 15 қыркүйектегі №30 өкіміне
  ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1.1-тармақ мынадай мазмұндағы "у" - "ш" тармақшаларымен толықтырылсын:

"у) Одақ шеңберінде бақылап отыру (соның ішінде сәйкестендіру) жүйесін (бұдан әрі - бақылап отыру жүйесі) қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу
 

тұжырымдама

IV тоқсан

-

Комиссия*,
уәкілетті органдар

ф) бақылап отыру жүйесінің архитектурасын әзірлеу

есеп,
архитектураны сипаттау

-

І
тоқсан

Комиссия*,
уәкілетті органдар
 

х) бақылап отыру жүйесіне техникалық тапсырмалар әзірлеу

техникалық тапсырма

IV тоқсан

-

Комиссия*,
уәкілетті органдар
 

ц)осы тармақтың "у" тармақшасына сәйкес Одақ шеңберінде бақылап отыру (соның ішінде сәйкестендіру) жүйесін (бұдан әрі - бақылап отыру жүйесі) қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу
 

нормативтік құқықтық актілер жобалары

-

І-ІІІ
тоқсандар

Комиссия*
 

ч) бақылап отыру жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында уәкілетті органдармен ақпараттық өзара іс-қимылға қойылатын талаптарды әзірлеу
 

талаптар

-

ІІ-ІV
тоқсандар

Комиссия*,
уәкілетті органдар
 

ш) бақылап отыру жүйесін іске асыру бойынша жобалық офистің жұмыс істеуін қалыптастыру және қамтамасыз ету

есептер

ІV
тоқсан

І-ІV
тоқсандар

Комиссия*".
 

      2.2-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшасымен толықтырылсын:


"е)Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында бақылап отыру жүйесінің компонентерін жасау

техникалық-жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

-

І-ІV
тоқсандар

Комиссия*".
 

      3.3-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшасымен толықтырылсын:


"е) ұлттық сегменттер құрамында бақылап отыру жүйесінің компонентерін жасау

техникалық-жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

-

І-ІV
тоқсандар

уәкілетті органдар**".
 

      4. Көрсетілген жоспарға №4 қосымшада:

      а) "2017 жыл" графасының 1-тармағындағы "172 500,0" цифрлары "181 200,0" цифрларымен ауыстырылсын, "2018 жыл" графасындағы "176 900,0" цифрлары "205 281,2" цифрларымен ауыстырылсын;

      б) "2018 жыл" графасының 2-тармағындағы"291 800,0" цифрлары "317 800,0" цифрларымен ауыстырылсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады