Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 96-тобына Еуразиялық экономикалық одақтың 1-қосымша ескертпесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 79 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 96-тобына Еуразиялық экономикалық одақтың 1-қосымша ескертпесі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 9602 00 000 1 кіші қосалқы позицияда төменде келтірілген терминдер мынаны білдіреді:

      (а) "өңделген янтарь, гагат (қара янтарь)" - кесек, табақ, пластинка, цилиндр түріндегі немесе мынадай операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен өңделген ұқсас нысандар түріндегі янтарь, гагат (қара янтарь): тұтастай бетін тегістеп жылтырату, тұтастай бетін тегістеу, тұтастай бетін ұштау немесе жоғарыда аталған операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен бірге бұрғылау;

      (б) "агломерацияланған өңделген янтарь" - пластинкалар, цилиндрлер немесе мынадай операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен құйғаннан кейін өңделген ұқсас нысандар түріндегі агломерацияланған янтарь: тұтастай бетін тегістеп жылтырату, тұтастай бетін тегістеу, тұтастай бетін ұштау немесе жоғарыда аталған операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен бірге бұрғылау.

      Бұл кіші қосалқы позицияға басқа тауар позициялары бұйымдарының бір бөлігі ретінде сәйкестендірілетін янтарь, агломерацияланған янтарь, гагат (қара янтарь) енгізілмейді.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады