Бірлескен іс-шараларды іске асыру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарларын ақпараттық қолдау және үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету бөлігінде экспортты қолдау шараларын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы № 25 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-бабына сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 9 қазандағы № 21 өкімінің 3-тармағын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.6.2 және 7.6.3-тармақтарын іске асыру мақсатында,

      бірлескен іс-шараларды іске асырудың, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) тауарларын ақпараттық қолдаудың және үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетудің маңыздылығын назарға ала отырып,

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      1. Жыл сайын, 10 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға осындай іс-шаралар тізбесін қалыптастыру және оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастыру үшін келесі жылға жоспарланған көрме-жәрмеңкелік, маркетингтік, конгрестік іс-шаралар мен іскерлік миссиялар туралы мәліметтер жіберуді.

      2. Мүше мемлекеттердің тауарларын үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету мақсатында олардың экспорттаушыларын қолдау жөніндегі іс-шараларды дайындау кезінде осы Ұсынымның 1-тармағында көрсетілген тізбені назарға алуды.

      3. Мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдары мен экспорттаушыларынан осы Ұсынымның 1-тармағында көрсетілген іс-шараларға қатысу туралы өтініштер келіп түскен кезде оларға жан-жақты жәрдем көрсетуді ұсынады.

      4. Мыналарды:

      мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палаталарының ынтымақтастығын, сондай-ақ мүше мемлекеттердің тауарларын үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында олардың Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылын дамыту;

      мүше мемлекеттердің экспорттаушыларына электрондық сауда алаңдарына шығу, оның ішінде халықаралық пошта сервистерін пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруды.

      5. Еуразиялық экономикалық одақпен сауда келісімдерін жасасқан үшінші елдердің нарықтарында немесе осындай келісімдер бойынша әлеуетті серіктестердің нарықтарында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқан елдердің нарықтарында мүше мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ашу жөніндегі іс-шараларға басымдықпен қатысудың орындылығын негізге алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады