Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2016 № 2 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25 N 10, 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "неке" деген сөзден кейін "(ерлі-зайыптылық)" деген сөзбен толықтырылсын, "қорғаншы және қамқоршы органның", "қорғаншы және қамқоршы орган", "қорғаншы және қамқоршы органға" деген сөздер тиісінше "қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның", "қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган", "қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнаманың өзгеруiне байланысты және соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн барынша толық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:

      1. "Қазақстан Республикасының Конституциясы, Баланың құқықтары туралы 1989 жылғы 20 қарашадағы конвенция, Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы конвенция, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрi – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 Қаулысымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 Қаулысымен бекітілген Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 Қаулысымен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары ұлттық және халықаралық деңгейлерде бала асырап алу туралы Қазақстан Републикасының қолданыстағы құқығы болып табылатынына соттардың назары аударылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      2. Кодекстің 87-бабының 1-тармағына сәйкес бала асырап алу туралы iстердi сот азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен қарайды.

      Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адам тек сот оның өтiнiшiн қанағаттандырған жағдайда және сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн баланың заңды өкiлi құқығын иеленедi (Кодекстің 88-бабының 1-тармағы).

      Осы айтылғандарды ескере отырып, соттар арызданушының баланың мүлiктiк құқықтарын қорғау туралы талабының (мысалы, баланың оған сыйға тарту шарты, мұралыққа қабылдау не тұрғын үйдi жекешелендiру және т.б. бойынша өз меншiгiне көшкен жылжитын немесе жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы туралы) бала асырап алу туралы арызбен қатар қаралуға тиiс емес екенiн есте ұстаулары қажет.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      3. Сот асырап алу туралы арызды қабылдай отырып, арыздың нысаны мен мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (әрi қарай мәтiн бойынша - АIЖК) 150-бабында көзделген талаптарға сәйкестiгін тексередi.

      Осы санаттағы iстердiң ерекшелiгiн негiзге ала отырып, сот арызда бала асырап алушылардың өздерi туралы, олар асырап алуға тiлек білдiрген балалар туралы, олардың ата-аналары туралы, асырап алынатын балалардың акт жазбаларындағы ықтимал өзгерiстер туралы өтiнiштердiң, кодекс олардың бала асырап алу мүмкiндiгiн байланыстыратын мән-жайлар туралы мәлiметтердiң, оларды растайтын дәлелдемелердiң, сондай-ақ мына төмендегi қажеттi құжаттардың арызға қоса берiлуiн тексеруi қажет:

      - баланың тұратын (тұрған) жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бала асырап алудың негiздiлiгi және бала асырап алудың асырап алынушының мүдделерiне сәйкестiгi туралы қорытындысы;

      - бала асырап алушылардың тұрмыс жағдайларын тексеру актiсi;

      - баланың тууы туралы акт жазбасы мен куәлiгiнiң көшiрмелерi;

      - құзыреттi органның асырап алынатын баланың денсаулығының жағдайы, дене және ақыл-ойының дамуы туралы медициналық қорытындысы;

      - егер заң бойынша талап етiлсе, ата-аналардың баланы асырап алуға келiсiмi;

      - егер бала 10 жасқа толса, баланың асырап алуға келiсiмi;

      - арыз берушiнiң сол баланы асырап алуы мүмкiн екенiн растайтын дәлелдемелер.

      Арызданушы осы құжаттарды ала алмаған жағдайда, сот оларды арызданушының өтiнiшi бойынша тиiстi органдардан сұратып алуға тиiс.

      Баланы оның өгей әкесi немесе өгей шешесi асырап алған жағдайда, Кодекстің 93-бабының 3-тармағына сәйкес, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баланы асырап алудың негiздiлiгi және бала мүдделерiне сай келетiнi туралы қорытындысы талап етiлмейдi.

      Арызға баланы асырап алушы (асырап алушылар) қол қояды, кiмде кiмнiң асырап алушылардың мүддесi үшiн арыз беруiне жол берiлмейдi.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      4. Соттар табылған немесе тастанды баланы асырап алу кезiнде баланың табылғаны туралы iшкi iстер органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар әзiрлеген хаттаманың немесе актiнiң болуының жеткiлiксiз екенiн есте ұстаулары қажет. Осындай балалар жөнiндегi арызға, баланың Кодекстің 196-бабына сәйкес тiркелгенiн растайтын тууы туралы акт жазбасының көшiрмесi және оның тууы туралы куәлiк қоса берiлуге тиiс.

      Егер бала асырап алу туралы арыз берiлген сәтте табылған немесе тастанды бала Заңның 175-бабына сәйкес тiркелмеген болса, онда сот АIЖК-нiң 154 және 155-баптарына сәйкес арызды қозғалыссыз қалдыру немесе iс қозғауға кедергi болатын мән-жайларды жою үшiн арызданушыға қайтару туралы мәселенi шешуге тиiс.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      5. Баланы шетел азаматы асырап алған жағдайда сот, сондай-ақ арызданушыдан оның тұрмыс жағдайы және асыраушы болу мүмкiндiгi туралы ол азаматы болып табылатын мемлекеттiң не осы тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің құзыреттi органы берген қорытындыны, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемесiнiң шетел азаматының Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тiлек бiлдiрген адам ретiнде аталған органдарда тiркелуiн растайтын құжатын сұратуға мiндеттi.

      Бұл ретте сот шетел азаматының не шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматының асырап алу туралы мәселе қойып отырған баланың кемiнде үш ай бойы орталықтандырылған есепте тұратынына көз жеткiзуге тиiс.

      Көрсетiлген талаптарды тексеру үшiн сот асырап алынатын баланың бастапқы, аймақтық және орталықтандырылған есепте тiркелуi туралы мәлiметтердi сұратып алуға тиiс.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 10 Нормативтік қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде соттар шетелдiк адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей iс жүргізу құқықтарын пайдаланатынын және iс жүргiзу мiндеттерiн орындайтынын есте ұстаулары қажет (АIЖК-нiң 413-бабының 2-бөлiгi). Қазақстан Республикасынан тыс жерде Қазақстан Республикасының азаматына немесе шетелдiк адамдарға қатысты, шетелдiк мемлекеттердiң заңдары бойынша шетелдiк мемлекеттердiң құзыретті органдары белгiленген нысан бойынша берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды соттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе халықаралық шарттарымен өзгеше көзделмесе, консулдық ресмилендiрiлген жағдайда қабылдайды.

      Шетелдiктерге асырап алуға берiлген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады (Кодекстің 251-бабының 2-тармағы).

      Соттар консулдық ресмилендiру деп консулдың оның консулдық округi шегiнде дайындалған және жергiлiктi өкiмет органдары бекiткен құжатты немесе кез келген актiнi өзiнiң қолымен және қойылған қолды мөрiмен куәландырып, заңды күшiне енгiзуi түсiнiлетiнiн есте ұстаулары қажет. Шетелде жасалған құжат консулды тағайындаған елге көрсетiлуге тиiс болған жағдайда және осы мемлекеттiң заңнамасымен талап етiлгенде консулдық ресмилендiру жасалады.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген, шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын Конвенцияға (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) қатысушы-мемлекеттер арасындағы қатынастарда құжаттарды заңдастыру талап етілмейтіндігін назарда ұстаған жөн.

      Осы Конвенцияның 3, 5-баптарының талаптарына сәйкес, ресми құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастырудың орнына Конвенцияға қатысушы-мемлекеттерде лауазымды тұлғалардың құжаттардағы қолдарының, мөрлердің немесе мөртаңбалардың түпнұсқа екендігін растау үшін осы құжат жасалған мемлекеттің құзыретті органы апостиль қояды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 10, 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      Бала асырап алуға үміткер, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс. Осы мерзімді олар баланы асырап алу туралы сотқа арыз бергенге дейін сақтауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының немесе Шетелдіктің баланы асырап алу туралы осы мерзім өткенге дейін берген арызы АІЖК 155-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қозғалыссыз қалдырылуға жатады, ал арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда талапкерге қайтарылады.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 10 Нормативтік қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      6-2. Егер шетелдік агенттік берген апостиль қойылған құжаттың қолданылу мерзімі шектеулі болса, осы мерзім құжатты сотқа ұсынған сәтте өтсе, онда мұндай құжатты жол берілетін дәлелдеме ретінде танымау туралы мәселені шешу қажет.

      Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 10 Нормативтік қаулысымен.

      7. Баланы асырап алу туралы iстер қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкiлiнiң мiндеттi түрде қатысуымен қаралады. Бұған қоса, баланың мүддесiн барынша ескеру мақсатында сот асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын), ата-аналары болмаған жағдайда оның жақын туыстарын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрған мекеменiң өкiлiн, басқа да мүдделi адамдарды, егер ол 10 жасқа толса баланың өзiн iске қатыстыруға тиiс (Кодекстің 93, 95-баптары, Баланың құқықтары туралы Конвенцияның 9-бабы).

      Егер сот 10 жасқа толған асырап алынатын баладан сот отырысында қаралып отырған мәселе бойынша оның пiкiрiн сұрау қажет деген тұжырымға келсе, онда сот баланың сотқа қатысуы оған қолайсыз әсер етпейтiндей етiп, алдын ала қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның пікiрiн анықтап алғаны дұрыс.

      Сұрау кезiнде баланың пiкiрi оған ата-аналарының бiрiнiң немесе басқа мүдделi адамдардың ықпал етуiнiң салдарынан болған болмағанын, осы пiкiрдi бiлдiру кезiнде оның өз мүдделерiн сезiнетiнiн немесе сезiнбейтiнiн және баланың оны қалай негiздейтiнiн анықтау қажет.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      8. Бала асырап алудың заңмен қорғалатын құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында (Заңның 91-бабы) сот АIЖК-нiң 19-бабына сәйкес, iске қатысушылардың өтiнiштерi бойынша шешiмдi жариялауды қоса алғанда iстi жабық сот отырысында қарауға құқылы.

      9. Асырап алу туралы талапты тиiсiнше қарай отырып, сот арызданушының асырап алу мүмкiндiгiн терiске шығаратын негiздердiң жоқтығы туралы мәселенi талқылап алуы қажет (Кодекстің 91-бабының 2-тармағы, 92-бабының 1-тармағы).

      Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде 16 жас болуға және ол 45 жастан аспауға тиіс екендiгi туралы Кодекстің 91-бабының талаптарын негiзге ала отырып, Кодекс себепті деп таныған негіздер бойынша (туыстық қарым-қатынаста болу немесе баланың оны асырап алатын адамға бауыр басып, оны өзiнiң ата-анасы деп есептеуi және т.б.) жас айырмасын қысқартуға болатындығын соттардың назарда ұстағандары жөн.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      10. Баланың ата-анасы болған жағдайда олардың келiсiмi асырап алудың мiндеттi шарты болып табылады. Бала асырап алуға ата-ананың келiсiмi нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменiң басшысы не бала асырап алу жүргiзiлген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жерiндегi қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған арызда көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн. Ата-ананың бала асырап алуға сотта берген келiсiмi хаттамада көрсетiлiп, оның қолы қойылуға, сондай-ақ шешiмде көрсетiлуге тиiс. Алайда, ата-аналардың құқықтарының басымдығын негiзге ала отырып, олардың қай-қайсысының да баланы асырап алу жөнiнде бұрын берген келiсiмiн, осы шешiмге бару себептерiне қарамастан, шешім шығарылғанға дейiн керi қайтарып ала алатынын ескеру қажет (Кодекстің 93-бабы). Мұндай жағдайда сот баланы асырап алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады.

      Заңның ата-ананың баланы асырап алуға келiсiмi туралы талабы Кодекстің 94-бабы көзделген жағдайлардан басқа, ата-аналары (ата-анасы) бар және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған, бала асырап алған отбасылардағы, тәрбие, емдеу, емдеу-профилактика мекемелерiндегi, халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде және басқа да осындай мекемелерде тұрған балаларға қолданылады.

      Бұл ретте Кодекстің 77-бабының 7-тармағына сәйкес, ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң бала асырап алуға жол берiлетiнiн назарда ұстау қажет. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың біреуінің бала асырап алуына екінші ата-ананың келісімімен жол беріледі.

      Қорғаншының (қамқоршының), өгей ата-ананың немесе жоғарыда көрсетілген мекемелердiң жетекшiлерiнiң асырап алуға келiсiм беруден бас тартуы, ата-аналардың бас тартуынан бiр ерекшелiгi, егер мұны баланың мүддесi талап етсе, соттың бала асырап алу туралы мәселенi оңынан шешуiне кедергi жасамайды (Кодекстің 93-бабының 1, 4-6 тармақтары).

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      11. Егер баланы ерлi-зайыптылардың екеуi бiрдей асырап алмаса, баланы ерлi-зайыптылардың бiреуi асырап алған кезде бала асырап алуға ерлi-зайыптылардың екiншiсiнiң жазбаша келiсiмi талап етiледi (Кодекстің 96-бабы).

      Бала асырап алу туралы арызды қараған сот ерлi-зайыптылардың отбасылық қарым-қатынастарды тоқтатқанын, бiр жылдан астам уақыт бойы бiрге тұрмағанын және арызданушыға жұбайдың тұрған жерi белгiсiз болғанын анықтаған жағдайларда, осындай жазбаша келiсiм талап етiлмейдi. Көрсетiлген мән-жайлар АIЖК-нiң 64-бабында көзделген дәлелдеу құралдары, сондай-ақ соттың осы жұбайды хабарсыз кеткен деп тану туралы заңды күшiне енген шешiмi арқылы анықталуы мүмкiн.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      12. Бала асырап алу баланың мүддесiне жауап берген жағдайлардан (мысалы, балалар өздерiнiң туыстығын бiлмесе, бiрге тұрмаса және бiрге тәрбиеленбесе, денсаулық жағдайларына байланысты бiрге тұра алмаса және бiрге тәрбиелене алмаса) басқа жағдайларда ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi балаларды әр түрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.

      13. Бала асырап алудың мүмкiн екендiгi туралы мәселенi қарау кезiнде, әрбiр нақтылы жағдайда, бала асырап алушының адамгершiлiк және өзге де жеке басының қасиеттерiн (арыз берушiнiң жұмыстағы, тұрмыстағы тәртiбiн сипаттайтын мән-жайлар, бала асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы), оның денсаулығының жайын, жасын, отбасы iшiндегi қалыптасқан қарым-қатынасын, осы адамдар мен баланың арасындағы пайда болған қатынастарды, сондай-ақ болашақ бала асырап алушылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын тексеру және ескеру қажет.

      Асырап алушы болу құқығын растайтын құжаттарды тексеру кезінде тұлғаның соттылығының болуы не болмауы фактісін баланы асырап алуға тілек білдірген тұлға тұратын елдің тек құзыретті органы растауы қажет екендігін соттардың назарда ұстағандары жөн.

      Балаларды асырап алуға тілек білдірген тұлғалар ұсынған құжаттардың аударылуының дұрыстығын растау үшін соттар қажетті жағдайда тиісті мамандарды іске қатысуға тартулары тиіс.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 10, 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      14. Кодекстің 100-бабының 1 және 1-тармақтарының талаптарына сәйкес асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар және олардың туыстары асырап алынған балалар мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттер жағынан тегi бiр туыстарға теңестiрiледi. Асырап алынған балалар өздерiнiң туған ата-аналарына қатысты жоғарыда көрсетiлген құқықтарды жоғалтады және мiндеттерден босатылады.

      Аталған құқықтық салдар бала асырап алушылардың осы баланың тууы туралы акт жазбасында ата-аналар ретiнде жазылған жазылмағанына қарамастан туындайды. Асырап алынған баланың ата-аналарының бiрi қайтыс болғанда және осы ата-ананың тарапынан жақын туыстар, баланың мүддесiн негiзге ала отырып, қайтыс болған адамның туыстарының асырап алынған бала жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерiн сақтау жөнiнде арыз беру жағдайы бұған жатпайды.

      Сот баланы тек бiр адам асырап алған жағдайда және егер бала асырап алушы еркек болса, шешесiнiң тiлегi бойынша, егер бала асырап алушы әйел болса, әкесiнiң тiлегi бойынша ата-аналардың бiреуiнiң жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттерiн сақтауы мүмкiн (Кодекстің 100-бабының 3-тармағы).

      Асырап алынған баланың ата-анасының бiреуiмен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы жөнiнде баланы асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      15. Бала асырап алу туралы шешiмнiң қарарлық бөлiмiнде арыз берушiнiң бала асырап алу туралы талабының қанағаттандырылғаны туралы, сондай-ақ тууы туралы актi жазбасына тиiстi өзгерiстердi енгiзудiң қажеттiгi туралы, оның iшiнде тууды жазу туралы кiтапқа асырап алушыны (асырап алушыларды) ата-ана ретiнде жазу туралы, егер арызда осындай өтiнiш болса және 10 жасқа толған баланың келiсiмi берiлсе, баланың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен орнын, сондай-ақ, егер сот бұл мәселелердi арыз берушiнiң не мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша оңынан шешкен болса, асырап алынған баланың ата-анасының бiрiнiң немесе оның қайтыс болған ата-анасының туыстарының жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарының сақталуы туралы көрсету қажет.

      Бұл ретте асырап алу кезiнде баланың ұлтын өзгерту соттың құзырына кiрмейтiнiне және Кодекстің 65-бабына сәйкес белгiленетiнiне соттардың назарын аудару қажет.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      16. Соттар Кодекспен, бала асырап алуды бұзу және, сондай-ақ бала асырап алуды жарамсыз деп тану үшiн негiздер көзделгенiн есте ұстаулары қажет.

      Бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге, Кодекстің 108-бабына сәйкес, оның ата-аналарының, бала асырап алушының жұбайының, бала асырап алушылардың, 14 жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ баланың мүдделерiне сай прокурордың құқығы бар.

      Бала асырап алудың күшiн жою туралы талап Кодекстің 106-бабының 1-тармағында көзделген негiздер болған кезде қойылуы мүмкiн. Бұл ретте соттың назарын талап тек ата-аналық құқықтардан айыру туралы емес, нақ бала асырап алуды жою туралы болуға тиiс, өйткенi баланы асырап алушыларда ата-аналық құқықтар мен мiндеттер балалардың олардан тарауының нәтижесiнде емес, баланы асырап алудың нәтижесiнде пайда болады.

      Кодекстің 106-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, баланың асырап алудың күшiн жоюға келісiмiн анықтау талап етiлмейдi.

      Сот, Кодекстің 106-бабының 2-тармағының талаптарына орай, баланың мүддесiн негiзге алып және оның пікiрiн ескере отырып, бала асырап алушының тәртiбiне қояр кiнә болмаған жағдайда да бала асырап алудың күшiн жоюға құқылы. Мұндай мән-жайларға, атап айтқанда, асырап алушы мен асырап алынушының өздерiнiң жеке бастарының қасиеттерiне байланысты өзара қарым-қатынастарының қалыптаспауын; асырап алғаннан кейiн, баланың денсаулығының тәрбиелеу кезiнде елеулi қиындықтар туғызатын, бала асырап алушы бала асырау кезiнде олар жөнiнде ескертiлмеген ақыл-ой кемiстiгiн немесе тұқым қуалаған ауытқушылықтарды; балалардың ұмыта алмастай қатты бауыр басқан ата-аналарының әрекетке қабiлетiнiң қалпына келтiрiлуiн, мұның өзiнiң оның жай-күйiне керi әсер етуiн және т.б. жатқызуға болады.

      Бала асырап алудың күшiн жою туралы арызды сот талап қою тәртiбiмен мiндеттi түрде бала асырап алушылардың, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қарайды (Кодекстің 107-бабының 2-тармағы).

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      17. Кодекстің 103-бабына сәйкес сот бала асырап алуды:

      1) асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;

      2) бала асырап алу Кодекстің 93-бабында көрсетілген адамдардың келісімiнсiз жасалған;

      3) некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған адам жұбайының жазбаша келісімiнсiз бала асырап алған;

      4) Кодекстің 91-бабының 2-тармағында көзделген ереже бұзылған жағдайларда жарамсыз деп таниды.

      Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асыралып алынушының ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қоюға құқылы.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      18. Соттың баланы асырап алу туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күннің iшiнде осы шешімнің үзінді көшірмесі бала асырап алу туралы шешiм шығарылған жердегi тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберілуге тиіс екенін, ал бала асырап алудың күшiн жою және бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң үзінді көшiрмесi осы мерзiмнiң iшiнде бала асырап алуды мемлекеттік тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберілуге тиіс екенін соттар ескерiп отырулары қажет (Кодекстің 88-бабы және 105-бабының 4-тармағы).

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      19. Баланың мүддесін тікелей қозғайтын ерекше жағдаяттар кезiнде сот, АIЖК-нiң 238-бабына сәйкес, арызданушының өтiнiшi бойынша, оның сот шешiмiн жедел орындау қажеттiгi туралы тұжырымға келуiнiң дәлелдерiн (мысалы, асыралып алушыны емдеу үшiн жедел ауруханаға жатқызып шұғыл емдеудiң қажеттiгi және кешiктiрудiң баланың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруi) келтiре отырып, шешiмдi жедел орындауға жiбередi.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 10 , 2008.12.22. N 14 Нормативтік қаулыларымен.

      20. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 1 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Нормативтік қаулысымен.

      21. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады