"Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 маусым N 910

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 P000337_ қаулысымен бекітілген 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ереже күшінің, "Кентауликвидрудник" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) осындай бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен нысаналы

 

мақсатта қаржыландырылған Мырғалымсай су ағызғысына төнген экологиялық

қауіпті тойтаруға байланысты қызметті жүзеге асырғанын ескере отырып,

заңдарда белгіленген тәртіппен Кәсіпорынға қолданылуын қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады