Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 тамыз N 1177

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегі N 417 U000417_ Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мынадай мемлекеттiк мекемелерi:
      1) Жамбыл облысының Тараз қаласында орналасатын Оңтүстiк әскери округi қолбасшысының басқармасы;
      2) Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында орналасатын Шығыс әскери округi қолбасшысының басқармасы;
      3) Алматы қаласында орналасатын Ұшқыр күштер қолбасшысының басқармасы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 353қ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi штат санының лимитi шегінде мынадай штат санының лимитi бекiтiлсiн:
      1) Оңтүстiк әскери округі қолбасшысының басқармасы - 136 бiрлiк;
      2) Шығыс әскери округi қолбасшысының басқармасы - 136 бiрлiк;
      3) Ұшқыр күштер қолбасшысының басқармасы - 77 бiрлiк.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) құрылатын мемлекеттiк мекемелердің ережесiн бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы Әскери реформа тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасындағы Әскери құрылыстың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы" 2000 жылғы 7 шілдедегі Жарлығымен (бұдан әрi - Жарлық) белгiленген мерзiмде Орталық және Батыс әскери округтерi қолбасшыларының басқармаларын құру туралы актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп заңдарда белгіленген тәртiппен олар берген өтiнiмдер бойынша үйлердi, ғимараттарды, объектiлер мен жерлердi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қарамағына тапсыруды жүзеге асырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттiк университетi жатақханаларының үйлерiн, ғимараттарын және материалдық-техникалық базасымен бiрге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қарамағына тапсыруды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгіне Оңтүстік әскери округ қолбасшысының басқармасын қамтамасыз ету және күзет бөлiмдерiмен бiрге орналастыруға үйлер мен ғимараттарды бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жарлыққа сәйкес Әскери

 

округтер мен Ұшқыр күштер қолбасшылары басқармаларының құрамаларын,

сондай-ақ олардың құрамына кiретiн бөлiмдердiң, әскери бөлiмдер мен

мекемелердiң көшiрiлуiн, олардың инфрақұрылымын құруды қаржыландыруды

қамтамасыз етсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады