"Әуе кемелерiн сатып алу" жобасын iске асыру мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 қараша N 1741

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Воеіng" компаниясы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi және "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлiк қоғамы өкiлдерi арасында 2000 жылғы 25-28 қазанда Лондон қаласында жүргiзiлген келiссөздер барысында қол жеткiзiлген нәтижелер бойынша қол қойылған хаттама назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) ЭйрБас А-310-300 (сериялық нөмiрлерi 399 және 412) екi әуе кемесiнiң қаржы лизингi бойынша қалыптасқан берешектi өтеу және келiссөздер хаттамасына сәйкес мемлекеттiк кепiлдiктiң күшiн тоқтату үшін "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ) "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамынан 4 (төрт) миллион АҚШ доллары көлемiнде жеңілдік несие тартуын;
      2) "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп (келiсiм бойынша), "Boeing" компаниясымен қол жеткізiлген уағдаластықтарға сәйкес ЭйрБас А-310-300 (сериялық нөмiрлерi 399 және 412) әуе кемелерiнiң қаржы лизингiн операциялық лизингке алмастыру жөнінде қажетті іс-шаралар жүргізуді;
      3) "Эйр Қазақстан" ЖАҚ пен "Қазақстан Эйрлайнз" ашық акционерлiк коғамын әуе қатынасы туралы екi жақты мемлекетаралық келiсiмдер бойынша қазақстандық тараптан тағайындалған авиатасымалдаушылар, сондай-ақ мемлекетаралық келiсiмдер жасалмаған елдерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрақты рейстерді орындау жөніндегі операторлар етіп белгілеуді;
      4) "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың осы қаулыға қол қою күніне "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны алдында жинақталған берешегін, көрсетілген берешекті өтеуге екі жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 6 (алты) жыл мерзім белгілеу арқылы, қайта құрылымдау жүргізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген iс-шаралар орындалғаннан кейiн "Воеing Аirсrаft Holding Company" компаниясының пайдасына берiлген және "Воеing Netherlends Leasing В.V." пайдасына қайтара берiлген 1999 жылғы 28 мамырдағы N 0000036 мемлекеттiк кепiлдiктi қайтарып алсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi заңнамада

 

белгiленген тәртiппен ЭйрБас А-310-300 (сериялық нөмiрлерi 399 және 412)

әуе кемелерiн уақытша әкелу режимінің ұзартылуын қамтамасыз етсiн.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады