"Шаңырақ-10" бірінші Халықаралық сауда жәрмеңкесін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қаңтар N 15

      Шетел мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және іскерлік қатынастарды нығайту мақсатында, сондай-ақ Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Z914400_ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазэкспо" фирмасының 2001 жылғы 26-29 қыркүйекте Астана қаласында "Шаңырақ-10" бірінші Халықаралық сауда жәрмеңкесін (бұдан әрі - Жәрмеңке) оған қатысушылар мен демеушілік көмектердің қаражаты есебінен өткізу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.02. N 319
               қаулысымен. P010319_
      2.
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 971
               қаулысымен. P010971_
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Экономика және сауда министрлігі және Астана қаласының әкімі Жәрмеңкені өткізуге жәрдем көрсетсін.
      4. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Жәрмеңкеге қатысуға отандық тауар өндірушілерді тарту жөніндегі жұмыстарды жүргізсін.
      5. "Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге даярлану мен оны өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 тамыздағы N 1328 P001328_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік егемендік туралы

декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі

туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10

жылдығын мерекелеу іс-шараларының ұлттық жоспары мынадай мазмұндағы реттік

нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:


     "22-1.  "Шаңырақ-10"          2001         "Қазэкспо"        Бұйрықтар

             бірінші Халықаралық   жылғы        фирмасы,

             сауда жәрмеңкесін     қыркүйек     СІМ,

             Астана қаласында                   ЭжСМ,

             өткізуді қамтамасыз                Астана

             ету                                қаласының

                                                әкімі


     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының   

       Премьер-Министрі




                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                    2001 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысына

                                                 қосымша


     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.02. N 319           

              қаулысымен.


P010319_





       "Шаңырақ-10" бірінші Халықаралық сауда жәрмеңкесіне дайындық

                және өткізу мәселелерін үйлестіру жөніндегі

                      ұйымдастыру комитетінің құрамы



     Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

     Даниал Кенжетайұлы        бірінші орынбасары, төраға


     Тілеубердин             - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

     Алтай Абылайұлы           Кеңсесінің Басшысы, орынбасар


     Ыдырысов Ерлан          - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер

     Әбілфайызұлы              министрі, орынбасар


     Құлекеев Жақсыбек       - Қазақстан Республикасының Экономика және

     Әбдірахметұлы             сауда министрі


     Жақсыбеков Әділбек      - Астана қаласының әкімі

     Рыскелдіұлы


     Храпунов Виктор         - Алматы қаласының әкімі

     Вячеславович


     Нүкенов Маратқали       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс

     Ордабайұлы                министрлігі Кеден комитетінің төрағасы


     Қанапиянов Сержан       - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

     Мұсаханұлы                Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің

                               меңгерушісі


     Сұраншынова Гүлзада     - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

     Битөлекқызы               Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің      

                               консультанты, жауапты хатшы


     Балғымбаев              - "Қазақойл ҰМК" ЖАҚ-ның президенті (келісім 

     Нұрлан Өтепұлы            бойынша)


     Құлыбаев                - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау

     Тимур Асқарұлы            жөніндегі ЖАҚ-ның президенті (келісім      

                               бойынша)


     Дүкенбаев               - "KEGOC" ААҚ-ның президенті (келісім бойынша)

     Кенжемұрат Дүкенбайұлы


     Жәкішев                 - "Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы

     Мұхтар Еркінұлы           ЖАҚ-ның президенті (келісім бойынша)


     Бектасов                - "Қазақтелеком" ААҚ-ның президенті (келісім

     Әбен Ағыбайұлы            бойынша)


     Мырзахметов             - "Қазақстан темір жолы" Республикалық       

     Абылай Исабекұлы          мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры     

                               (келісім бойынша)


     Сәйденов                - Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкі

     Әнуар Ғалимоллаұлы        басқармасының төрағасы (келісім бойынша)


     Сұбханбердин            - "Қазкоммерцбанк" басқармасының төрағасы

     Нұржан Сәлкенұлы          (келісім бойынша)


     Тәтішев                 - "Тұранәлем Банкі" басқармасының төрағасы

     Ержан Нұрелдаұлы          (келісім бойынша)


     Смағұлов                - "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ-

     Нұрлан Еркебұланұлы       ның президенті (келісім бойынша)


     Қалиев                  - "Эйр Қазақстан тобы" ЖАҚ-ның президенті

     Еркін Жекенұлы            (келісім бойынша)



     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады