Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 қаңтар N 87. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.18. N 1031 қаулысымен.~P021031

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Таратылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөнiндегі агенттігiнiң функциялары мен өкiлеттіктерiн бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік сатып алу жөнiндегі комитетi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитеті мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган болады деп белгiленсiн.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік сатып алу жөнiндегі комитетi туралы ереже бекітiлсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 P000048_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2,

20-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 
     көрсетілген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлiгi туралы (Қаржыминi) ережеде:
     1-тармақтың екіншi абзацы "Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi комитетi" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     10-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "10-1) мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiру және оның 
мониторингi";
     11-тармақта:     
     10) тармақша "қаржылық бақылау" деген сөздерден кейiн ", мемлекеттік 
сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
     38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "38) мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестіру және оның мониторингi";
     12-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "15-1) мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырылуын және жүргізiлуiн
бақылауды жүзеге асыруға;".
     5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:


      1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттігi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 304 P990304_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 90-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 P991093_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы;
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 304 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 14 ақпандағы N 234 P000234_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 85-құжат).
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген

тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметінің бұрын қабылданған шешiмдерiн 
осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Үкіметінің
                                                2001 жылғы 20 қаңтардағы
                                                     N 87 қаулысымен
                                                       бекітілген
     
               Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
             Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетi туралы
                                 ереже
                          1. Жалпы ережелер


      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетудi мемлекеттік сатып алу процесiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына, Z970163_ заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген нысанда бланкiлерi болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 126.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті".
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.
      Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

      2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестіру және оның мониторингi;
      2) мемлекеттiк сатып алуға қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын сақтауына бақылау жасау;
      3) мемлекеттiк сатып алу процесiн реттейтін нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу.
      11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру және оның мониторингі;
      2) мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу және өз құзыреті шегінде оларды қабылдау;
      3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк сатып алуды жүргізу жөніндегі әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу және бекiту.
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
      5) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есептік жасау және ұсыну тәртібін анықтау;
      6) мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдық көмек көрсету;
      7) тапсырысшылар қалыптастырған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету номенклатурасы мен көлеміне талдау жасау;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасын мемлекеттiк сатып алу саласында қолданудың iс-тәжiрибесiн талдау және оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      9) оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.
      12. Комитет қойылған мiндеттерді шешу және функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) тапсырыс берушiлерден жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы, оның iшiнде мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылған сатып алу туралы есептiлiк, ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерi бойынша тапсырыс берушiлердiң орындауы үшін мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
      3) мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiне бақылау жасауға;
      4) мемлекеттiк сатып алу рәсімдерi бұзылған жағдайда конкурстар нәтижелерiн қайта қарауға не қайтадан конкурстар өткізуге бастама жасауға;
      5) ұсынылған есептік деректердің дұрыстығын тексеруге;
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдар мамандарын ақысыз

негізде, ал мемлекеттік қызметші емес мамандарды ақылы негізде 
сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін тартуға;
     7) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттер ұйымдарымен және халықаралық 
ұйымдармен ынтымақтасуға;
     7-1) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 
хаттамаларды жасайды;
<*>
 
     8) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
     Ескерту. 7-1 тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. 
              N 452 қаулысымен.  

P010452_

 
     
                          3. Комитет мүлкi
     13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     14. Комитетке бекiтiлiп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға 
немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке 
билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
                   4. Комитет қызметiн ұйымдастыру


      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Комитет

Төрағасының ұсынысы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен 
босататын екі орынбасары болады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің        
              2001.06.12. N 813 қаулысымен.  

P010813_

  №№  
     17. Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды 
әрi Комитетке жүктелген мiндеттердің орындалуы мен өз функцияларының 
жүзеге асуы үшін жеке жауапты болады.
     18. Төраға осы мақсатта:
     1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдылық бөлімшелері 
басшыларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды; 
<*>

     2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және 
қызметтен босатады;             
     3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік 
жаза қолданады;
     4) бұйрықтарға қол қояды;
     5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитет атынан 
уәкілеттік етеді;
     7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің        
              2001.06.12. N 813 қаулысымен.  

P010813_

  №№  
     19. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін Төраға уәкілетті берген 
орынбасарлардың бірі атқарады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы           
              Үкіметінің 2001.06.12. N 813 қаулысымен.  

P010813_

  №№  
     19-1. Төраға және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде 
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар 
қолданады.
<*>

     Ескерту. 19-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. 
              N 452 қаулысымен.  

P010452_

 
     
               5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады