Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тұз қышқылының транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 ақпан N 208

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы "Ремез" жабық акционерлік қоғамы (Мәскеу облысы, Балашиха қаласы) 1998 жылғы 8 желтоқсандағы N 3/28 келісім-шартына және оған 2000 жылғы 8 мамырдағы N 4 қосымша келісімге сәйкес осы қаулыға қосымшада көрсетілген санда және бағыт бойынша Навои тау-кен металлургия комбинаты үшін (Өзбекстан Республикасы, Навои қаласы) беретін тұз қышқылының транзитіне рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, жүкті Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы тұз қышқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                             Қазақстан Республикасы

                                                         Үкіметінің

                                             2001 жылғы 8 ақпандағы

                                                    N 208 қаулысына

                                                            қосымша


       "Ремез" жабық акционерлік қоғамының 1998 жылғы

      8 желтоқсандағы N 3/28 келісім-шарты бойынша Навои

        кен-металлургия комбинатына беретін өнімдерінің

                         Ерекшелігі

_________________________________________________________________________

Р/с ! СЭҚ ТН  ! Тауардың   ! Өлшем ! Саны ! АҚШ долларымен! АҚШ долларымен

N  ! коды    ! стандарт   !бірлігі!      !    бағасы     !  жалпы құны

    !         ! бойынша    !       !      !               !

    !         ! толық атауы!       !      !               !

_________________________________________________________________________

  1      2          3         4       5           6                7

_________________________________________________________________________

  1 280610000  Синтетикалық  тонна   120     170,0         20400,0

               тұз қышқылы 

               (ГОСТ 857-95)

________________________________________________________________________

  2 280610000  Ингибирлен.   тонна   2266,0  170,0         385220,0

               ген тұз

               қышқылы

               (СПТ 6-01-08-

               48-97)

________________________________________________________________________

     Келісім-шарттың жалпы сомасы - төрт жүз бес мың алты жүз жирма АҚШ

доллары.


     Ингибирленген тұз қышқылының және синтетикалық тұз қышқылының

     орын ауыстыруы бағыты:

     Жөнелту стансасы: Бензин коды 654909

     Баратын стансасы: Канимех, Өзбек темір жолы, коды 740502

     Шекарадан өту стансасы: Елек, Шеңгелді



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады