Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1721 және 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1828а қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 сәуір N 530

      "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан лицензиялық-келісімшарт ережелері бұзылуын жоюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына N 996 МГ сериясындағы лицензияның (мұнай) қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1721 P001721_ қаулысы;
      2) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1828а P001828a а қаулысы.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

 

министрлігі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамын

сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың жойылғаны

туралы хабардар етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады