Владимир Сергеевич Школьникке өкілеттік беру

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1737

      "БП Қазақстан Лимитед" және "Статойл Қазақстан а.с." компанияларының 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім жөніндегі құқықтары мен міндеттемелерін басқа мердігерлік компаниялардың пайдасына беру ниетіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан келіссөздер жүргізуге және 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа қол

 

қоюға өкілеттік берілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады