"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 мамыр N 538

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                                   жоба


                 Қазақстан Республикасының Заңы


     Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот

       орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңына өзгерістер

               мен толықтырулар енгізу туралы



 
       1-бап. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Z980253_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат):
      1) 4-бап мына редакцияда берілсін:
      "4-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдары
      1. Соттың бұйрықтарын, шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын және мүліктік талаптар бөлігі бойынша үкімдерді орындау, айыппұл өндіру бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың лауазымды адамдардың, қаулыларын мәжбүрлеп орындату жөніндегі сот актілерін орындау уәкілетті органның аумақтық учаскелерінің сот орындаушыларына жүктеледі.
      2. Қазақстан Республикасының заң актілерімен ескерілген жағдайларда, сот актілерін және өзге де органдардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату сот приставының көмегімен жүзеге асырылады.
      3. Басқа да органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушылық әрекеттерді тек заңда бұл жөнінде тікелей нұсқау болса немесе сот орындаушысының талабымен ғана жүзеге асыра алады";
      2) мына мазмұндағы 4-1-бабымен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Атқарушылық іс жүргізу органының жүйесі және құзыры
      1. Атқарушылық іс жүргізу органының жүйесін:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет - атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган (әрі қарай - уәкілетті мемлекеттік орган);
      2) уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары (әрі қарай - аумақтық органдары);
      3) аумақтық органдардың өкілдері - аумақтық учаскелер құрайды (әрі қарай - аумақтық учаскелер). Аумақтық учаскелердің банкте өзінің (депозиттік) шоттары, сонымен қатар атауы жазылған мөрі және мөртабаны болады.
      2. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті мен қызмет тәртібі, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен Ережемен анықталады.
      Атқарушылық іс жүргізудің аумақтық органдарының және аумақтық учаскелерінің құзыреті мен қызмет тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекіткен ережелермен анықталады.";
      3) 5-бап мына редакцияда берілсін:
      "5-бап. Атқарушылық құжаттар тізбесі
      1. Атқарушылық құжаттар болып:
      1) сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;
      2) азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес берілген сот бұйрықтары табылады;
      3) халықаралық және шетелдік соттардың және төрелік соттың шешімін Қазақстан Республикасының аумағында мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;
      4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен ескерілген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары;
      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен ескерілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды қарауға уәкілетті орган немесе лауазымды адамдардың қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары.
      2. Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда, заңда ескерілген тәртіппен атқарушылық құжатты берген органның беретін сол құжаттың көшірмесі өндіру үшін негіз болып табылады.";
      4) 7-баптың 1, 2 тармақтары мына редакцияда берілсін:
      "1. Атқарушылық құжаттары мәжбүрлеп орындауға мына мерзімдерде ұсынуға болады:
      1) сот актілерінің негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары - үш жыл ішінде;
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі шығарылған сот қаулылары - бір жылдың ішінде;
      3) әкімшілік құқық бұзушылықты қарауға уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың қаулыларын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары - бір жылдың ішінде.
      2. Аталған мерзімдер:
      1) мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілерін, шешімдерін және үкімдері негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде - сот актілерінің, үкімнің және шешімінің заңды күшіне енген немесе сот актісін орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту кезінде белгіленген мерзім аяқталған күннің ертеңінен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда - оны шығарғаннан кейінгі күннен бастап;
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларды орындау кезінде - қаулы шығарылған күннен бастап;
      3) әкімшілік құқықты бұзушылық туралы материалдарды қарауға уәкілетті соттың немесе лауазымды адамның қаулыларын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары - мәжбүрлеп орындату туралы шешім шығарылған кейінгі күннен бастап;
      4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша - олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.";
      5) 8-баптың 1-тармағы мына мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) борышкерді іздестіру мерзіміне.";
      3-тармақ ", немесе өндірушінің борышкердің тұратын жерін тапқан немесе борышкердің тұратын жерін тапқандығы туралы хабарлаған күннен бастап." сөздерімен толықтырылсын;
      6) 9-баптың 1-тармағы мына редакцияда берілсін:
      "1. Атқару құжатын орындауға берілген мерзімін өткізіп алған өндіріп алушы, сот актісін шығарған сотқа немесе орындалу орыны орналасқан жердегі сотқа өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш жасауға хақылы.";
      7) 12-бап мына мазмұндағы екінші тармақпен толықтырылсын:
      "Осы Заңмен қарастырылған негіздер бойынша атқарушылық құжаттары тоқтата тұрылған, мерзімі созылған немесе кейінге қалдырылған уақыт, атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.";
      8) 14-баптағы "немесе сот орындаушылары органдарының басшылары" сөздері алынып тасталсын;
      9) 16-бапта:
      1) тармақша мына редакцияда берілсін:
      "1) сот актісіне түсініктеме беру туралы, орындауды кейінге қалдыру немесе кешеуілдету, сот актісін орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы, сот орындаушысының, өндірушінің немесе борышкердің өтініші;";
      4) тармақша "берілген" сөзінің алдынан "өндіріп алушының, борышкердің сотқа" сөздерімен толықтырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақша "сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызметін атқару кезеңінде" сөздерімен толықтырылсын;
      10) 17-бапта:
      2) тармақшадағы "5)" саны алынып тасталсын;
      "демалыстан қайтқанға" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери құрылымдарда мерзімді әскери қызмет атқарудан," сөздерімен толықтырылсын;
      "немесе борышкерге іздеу салғанға дейін сөздері алынып тасталсын;
      11) 18-бапта:
      1-тармақ мына редакцияда берілсін:
      "Алимент өндіріп алу, мертіктіру немесе денсаулығын өзгедей зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу, асыраушысының қайтыс болуы жөніндегі, мемлекет пайдасына ақша өндіру туралы істер бойынша, сондай-ақ борышкердің жүрген жері белгісіз болған өзге де жағдайларда сот орындаушысы сотқа ішкі істер органдары және қаржы полициясы арқылы іздеу салу туралы ұсыныс жасайды. Бұл жағдайда атқарушылық құжат өндіріп алушыға қайтарып беріледі, ал ол атқару құжатын борышкердің жүрген жері анықталған кезде мәжбүрлеп орындатуға беруге хақылы.
      Басқа жағдайларда өндіріп алушы борышкерді іздеуді өзі жүзеге асырады, ал осы заңның 21-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының негізінде атқарушылық құжатты ол борышкердің тұратын жерін анықтағаннан кейін орындауға ұсынады.";
      мына мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. Соттың борышкерге іздеу жариялау туралы ұйғарымы атқарушылық құжаттың орындалатын жері бойынша немесе борышкердің соңғы кезде тұрған жері (жүрген жері) немесе белгілі болған жұмыс орыны бойынша немесе оның мүлкі тұрған жер бойынша ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясының орындауына жатады.";
      12) 20-бапта:
      1-тармақ:
      мына мазмұндағы 6), 7) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "6) өндіруші немесе борышкер болып табылған заңды тұлға таратылды";
      7) атқарушылық құжат бойынша өндіру толық көлемде жүргізілді.";
      2-тармақтағы:
      бірінші сөйлем "атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда" сөздерінен кейін "бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады және" сөздерімен толықтырылсын;
      13) мына мазмұндағы 20-1-бабымен толықтырылсын:
      "20-1-бап. Атқарушылық іс жүргізудің аяқталуы
      1. Атқарушылық іс жүргізу мына жағдайларда аяқталған болып есептеледі:
      1) осы Заңның 21-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық құжаттың қайтарылуы;
      2) атқарушылық құжаттың бір атқарушылық іс жүргізу органынан екіншісіне жіберілуі (бұл жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді аумақтығына сәйкес жіберген органның тұрған жерінде атқарушылық әрекеттер жасалса, атқарушылық іс жүргізу аяқталған болып есептеледі);
      3) осы Заңның 20-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс

 

жүргізу өндіріспен тоқтатылса;

     4) атқарушылық құжат, жалақы немесе басқа да табысынан ұстау үшін

борышкердің жұмыс орынына жіберілсе.";

     14) 21-бапта:

     1-тармақ:

     4) тармақшадағы ", сот ұйғарымы бойынша борышкерге іздеу салу

жағдайларын қоспағанда" сөздері алынып тасталсын;

     мына мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын:

     "4-1) егер де сот борышкерге қатынасты іздеу жарияласа.";

     15) 23-бапта:

     "орындау," сөзінен кейін "сонымен қатар өндіруші немесе борышкер"

сөздерімен толықтырылсын;

     "немесе атқару құжатын берген органға" сөздері алынып тасталсын;

     16) 32-баптың 3-тармағындағы "органның" сөзі "аумақтық органының"

сөздерімен ауыстырылсын;

     17) 34-бап мына мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:


 
       "Мерзімді кейін қалдыру, ұзарту немесе атқарушылық әрекеттерді кейінге қалдыру атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету жөнінде бұрын көзделген шараларды өзгертуге апармайды.";
      18) 40-баптың 1-тармағы ", борышкердің мүлкіне тиым салу туралы қаулы шығарылады." сөздерімен толықтырылсын;
      19) 41-бапта:
      2-тармақтағы екінші сөйлем мына редакцияда берілсін:
      "Атқарушылық әрекеттер жасалатындығы туралы алдын-ала ескертілген

 

борышкер болып табылатын жеке тұлға болмаған жағдайда, тізбе айғақтардың

қатысуымен жасалады. Атқарушылық әрекеттер жасалатындығы туралы алдын-ала

ескертілген борышкер болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы

болмаған жағдайда, тізбе айғақтардың қатысуымен жасалады.";

     мына мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:

     "2-1. Мүліктер тізбесіне әр заттың атауы, оның ерекше белгілері

(салмағы, метражы, тозық жағдайы, заттың маркасы т.с.с.), әр заттың

жеке-жеке құны және жалпы мүліктің құны.

     Тізбеге оны жасағанда қатысқан адамдардың қолы қойылады.";

     20) 42-бапта:

     1-тармақ:

     3) тармақшадан "немесе басқа органның" сөздері алынып тасталсын;

     5) тармақша мына редакцияда берілсін:

     "5) мүлікті хаттау туралы нұсқау (хаттаманы кім және кімнің

қатысуымен жүргізді, хаттамаланған мүліктің жалпы бағасы);";

     2-тармақтағы "оны жасау кезінде қатысқан адамдар" сөздері "сол

қаулыға мүліктің тізімдемесі тіркеледі" сөздерімен ауыстырылсын;

     21) 47-баптың 2-тармағындағы "әділет органдарының" сөздері

"атқарушылық іс жүргізу учаскесінің" сөздерімен ауыстырылсын;

     22) 53-баптағы "республикалық немесе облыстық ресми баспасөз

органдарда" сөздері "мерзімдік басылымдарда" сөздерімен ауыстырылсын;

     23) 56-бапта:

     2-тармақ:

     "кемітеді және" сөздерінен кейін "бірінші" сөзімен толықтырылсын;

     мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:


 
       "Қайтадан жарияланған сауда-саттық дәрменсіз болған жағдайда өндіріп алушыға алғашқы бағасы 20 пайызға төмендетілген сомада мүлікті өзіне қалдыру құқығы беріледі.";
      3-тармақта:
      бірінші сөйлемде "деп танылған" сөздерінен кейін "және өндіріп алушының осы сауда-саттықтағы баға бойынша мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан";
      екінші сөйлемде "баға" сөзінен кейін "сауда саттыққа қойылған мүліктің алғашқы бағасынан елу пайыздан төмен болмауы тиіс" сөздерімен толықтырылсын;
      4-тармақ мына редакцияда берілсін:
      "4. Сауда-саттық үшінші рет өткізілмеген деп жарияланып мүлік өндіріп

 

алушыға соңғы жарияланған бағамен ұсынылады. Өндіріп алушы сатылатын

мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда бұл мүлікке тиым салудың

күші жойылады.";

     24) 60-бапта:

     2-тармақтағы "еңбекпен түзеу" сөздері "түзету" сөздерімен

ауыстырылсын;

     мына мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

     "3. Сотталушы негізгі жаза түрінде тағайындалған айыппұл төлеуден

қысастық түрде жалтарса, сот орындаушысы төленбеген айыппұл сомасын басқа

жазаға ауыстыру туралы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өкім шығарған

сотқа ұсыныс жібереді.";

     25) 62-баптың 1-тармағындағы:

     6) тармақшадағы "сыйлықтан," сөзі алынып тасталсын;

     мына редакциядағы 9-1) тармақшасымен толықтырылсын:

     "9-1) арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

     10-тармақша алынып тасталсын;

     26) 63-баптағы 3-тармақ мына редакцияда берілсін:


 
       "3. Егер борыштар бұл кезеңде жұмыс істемесе немесе оны жалақысы немесе басқа да пайдасын растайтын құжаттар келтірілмесе, алимент бойынша борыш борышты өндіру кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа жалақымен анықталады.
      Бас бостандығынан айыру жерлерінде жазасын өтеп жүрген адамдар үшін, егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемесе, алимент бойынша борыш бір төменгі есептік көрсеткіш көлемінде анықталады.";
      27) мына редакциядағы 67-1-бабымен толықтырылсын:
      "67-1-бап. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін сот шешімдерін орындау.
      Соттың шешімін орындау барысында, борышкердің тек өзі ғана жасай алатын әрекеттер жасауға міндеттендіретін сот шешімін орындау кезінде, сот орындаушысы борышкерге белгіленген мерзімде сот шешімін өз еркімен орындау туралы ұсыныс жібереді. Бұл мерзім өткеннен кейін сот орындаушысы борышкердің атқарушылық құжатты орындағанын тексеруге міндетті.
      Егер борышкер атқарушылық құжатты берілген мерзімінде орындамаса сот орындаушысы борышкерді заңнамаларда ескерілген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.";
      28) мына мазмұндағы 68-1, 68-2-баптарымен толықтырылсын:
      "68-1-бап. Борышкерді жер аудару туралы атқарушылық құжатты орындау
      1. Борышкерді жер аудару туралы атқарушылық құжат сот орындаушысы тағайындаған мерзімде орындалмаса, жер аудару айғақты адамдардың қатысуымен мәжбүрлі түрде, ал қажетті жағдайларда - ішкі істер органдарының көмегімен жүзеге асырылады.
      2. Сот орындаушысы борышкерге жер аудару күні мен уақыты туралы алдын ала ресми түрде хабардар етеді. Жер аудару күні туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергі бола алмайды.
      3. Көшірілу кезінде, үй-жайдан шығарылатын мүліктердің тізімдемесі жасалады, ал қажетті жағдайда оны сақтау қамтамасыз етіліп, шығыны борышкерге жүктеледі.
      68-2-бап. Өндіріп алушыны көшіріп кіргізу туралы атқарушылық құжатты орындау.
      1. Сот орындаушысы өндіріп алушыны атқарушылық құжатта көрсетілген үй-жайға көшіріп кіргізуді қамтамасыз етеді.
      Сот орындаушысы өндірушіні және борышкерді қоныс аудару күні мен уақыты туралы алдын ала ресми түрде хабардар етеді. Қоныс аудару күні туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы, атқарушылық құжаттың орындалуына кедергі бола алмайды.
      2. Өндіріп алушыны көшіріп кіргізу актімен рәсімделеді және айғақты

 

адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Көшіріп кіргізу туралы актінің

формасын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.";

     29) 74-баптың 2-тармағы мына мазмұндағы 6-1), 8-1) тармақшаларымен

толықтырылсын:

     "6-1) өндірілетін соманы депозиттік есеп-шоттан берумен байланысты

банк шығыны;

     8-1) атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу барысындағы сот

орындаушысының жол шығыны;";

     30) 75-бапта:

     1-тармақ "борышкерден" сөзінен кейін "өндіріп алушы мен мемлекет

пайдасына" сөздерімен толықтырылсын;

     4, 5-тармақтар мына редакцияда берілсін:


 
       "4. Бюджеттік қаржы есебінен шыққан шығындарды өндіру және ол шығын шыққан органға немесе адамға орнына келтіру, сот орындаушысының ұсынысының және келтірілген шығындарды дәлелдеу құжаттары негізінде сот жүзеге асырады.
      5. Сот орындаушысының ұсынысын сот борышкер мен өндіріп алушыны хабардар ету арқылы қарайды, бірақ тиісінше хабардар етілген жағдайда олардың сотқа келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Соттың ұйғарымы борышкер мен өндіріп алушыға үш күндік мерзім ішінде жіберіледі. Соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.";
      31) 77-баптың 1-тармағы мына редакцияда берілсін:
      "1. Атқарушылық құжатты өз еркімен орындауға белгіленген мерзімде уақытымен орындалмаса, сот орындаушысы қарызгерден толықтай өндірілген мүлік құнының он пайызы көлемінде немесе жеке тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш көлемінде және заңды тұлғаның мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын ұйымдардан басқасы, жиырма айлық есепті көрсеткіш көлемінде мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша атқарушылық жазалау шарасын қолдану туралы ұсыныс шығарып, оны сотқа жібереді.
      Сот борышкерді сот орындаушысынан келіп түскен ұсыныс туралы, сот мәжілісі өтетін жер мен уақытты хабардар етеді. Сот мәжілісінің орны мен уақыты туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Атқарушылық шараны өндіру туралы соттың ұйғарымы борышкерге үш күндік мерзім ішінде жіберіледі. Соттың ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін.";
      32) 82-бапта:
      1-тармақтағы "әділет" сөзі "мемлекеттік қызметкердің бос орнына

 

тағайындалуға жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша атқарушылық іс

жүргізу" сөздерімен ауыстырылсын;

     2-тармақтағы "Әділет министрлігіне" сөздері "уәкілетті мемлекеттік

органда" сөздерімен ауыстырылсын;

     3-тармақ алынып тасталсын;

     33) 83-бапта:

     1-тармақта:

     "білімі бар" сөздерінен кейін ", заңнамаларға сәйкес біліктілік

талаптарына сай өзінің іскерлік және жеке басының қасиетімен, сонымен

қатар денсаулығы оған жүктелген міндеттерді орындауға жарайтын" сөздерімен

толықтырылсын;

     "және жұмыс өтілі екі жылдан кем емес" сөздері алынып тасталсын;

     мына мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

     "3. Сот орындаушыларына қызметтік куәлік беріледі, үлгілері уәкілетті

органмен бекітілген нысанды киім-кешекпен, жетонмен және эмблемамен

қамтамасыз етіледі.";

     34) 85-баптағы "Әділет министрлігі" сөздері "уәкілетті мемлекеттік

орган" сөздерімен ауыстырылсын;

     35) 86-баптағы 1-тармақта:

     3) тармақша "алуға" сөзінің алдынан "тегін" сөзімен толықтырылсын;

     мына мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:


 
       "15) қылмыстық іздестіруге уәкілеттілік жүктелген органдарға, сот актілерін орындаудан қысастықпен бұлтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы қылмыстық іс қозғау жөнінде ұсыныс енгізеді.";
      46) мына мазмұндағы 86-1-бабымен толықтырылсын:
      "86-1. Аға сот орындаушысы
      Аға сот орындаушысы:
      1) өзі басқарып отырған аумақтық учаскенің жұмысын ұйымдастырып қадағалайды және сот орындаушыларына жүктелген тапсырмалардың орындалуына тікелей жауап береді;
      2) бұйрықтардың, әдістемелік ұсынымдардың, нұсқамалардың және өкімдердің орындалуын ұйымдастырады;
      3) заңнамалармен ескерілген тәртіп бойынша аумақтық учаскенің депозиттік шотына өкімдік жасауға құқықты және депозиттік шоттың жүргізілуіне жауап береді;
      4) сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне азаматтардан және заңды

 

тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарауды жүзеге асырады, оларды

қабылдауды жүргізеді;

     5) аумақтық органның жұмысы туралы статистикалық есеп жасайды және іс

жүргізу мен мұрағат жүргізуді ұйымдастырады;

     6) заңнамамен ескерілген басқа да шараларды жүргізеді.";

     47) 88-бапта:

     3-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;

     мына мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

     "6. Қызметтік куәлік көрсеткеннен кейін, кедергісіз ғимаратқа,

үй-жайға немесе меншік түріне қарамастан ұйымның аумағына кіруге бас

тартылу түрінде көрсетілген сот орындаушысының заңды қызметіне кедергі

жасалса, сот орындаушысы акт жасап, кінәлілерді заңнамалармен көзделген

материалдық жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін материалдарын

жібереді.";

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады