2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуді несиелендіру үшін заемшы банкті белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 мамыр N 573

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1440 P001440_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен "Лизингтік негізде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етуді несиелендіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы N 289 P020289_ қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуді несиелендіру үшін "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы заемшы банк

 

болып белгіленсін.

     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігі, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы

(келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру үшін тиісті шаралар қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады