Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 шілдедегі N 712 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 P991946_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Дәукеев                        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Серiкбек Жүсiпбекұлы             ғылым академиясының президентi;

Күрiшбаев                      - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы               шаруашылығы вице-министрi;

Рақымжанов                     - Қазақстан Республикасының
Әмiрхан Мұратбекұлы              Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                                 Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi
                                 меңгерушiсiнiң орынбасары;

     мына:

"Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Бақытжан Тұрсынұлы               және ғылым бiрiншi вице-министрi"

     деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы               Президентiнiң Әкiмшiлiгi Iшкi
                                 саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi";

     көрсетілген құрамнан Нағима Әбенқызы Айтқожина, Ахметжан Смағұлұлы Есімов, Болат Бидахметұлы Жәмішев, Ерік Мазанұлы Мусин шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады