Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлiгінiң құрамын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 желтоқсан N 1324

      2001 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында жасалған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қыркүйектегi N 989  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 8-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы бекітілсiн.

      2. Қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің өкiлi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiн жыл сайын жасалған жұмыстар туралы хабардар етсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2002 жылғы 19 желтоқсандағы    
N 1324 қаулысына қосымша     

Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегі
бiрлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық
бөлігінiң құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.23. N  855 , 2004.06.09. N  638 , өзгерту енгізілді - 2005.08.02. N  803 , 2005.10.15. N  1031 , 2005.12.30. N  1318 қаулыларымен.

Айтжанов Дулат Нулиұлы  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
вице-министрi, өкiл

Бөлегенов Ерғали Бөлегенұлы  - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы істері департаментінің директоры, өкілдің орынбасары

Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, өкілдің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады